Порталдың мобильді нұсқасын жасау туралы мәселе.
Порталдың мобильді нұсқасын әзірлеу келесі 2022 жылға арналған жаңғырту аясында қарастырылған.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Мүгедектерге арналған оңалту орталығына кезекке қою үшін өтініш берген кезде медициналық карта ұсынылады, мүгедектерге арналған оңалту орталығына кезек келгенде, неге бұл медициналық картаны қайта тапсыру қажет?
Жартылай стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартының 7-тармағына (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығы) сәйкес, егер кезекке қойылған күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, жолдаманы ресімдеу кезінде жұмыспен қамту бөлімі қызмет алушыны медициналық тексеруден қайта өту және медициналық картаны ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Қызмет алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешімі қызмет алушы өзінде медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін куәландыратын медициналық карта ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өтініш беру кезінде медициналық картаны ұсынуды алып тастауға қатысты ұсыныс жіберілді. Алайда, бұл ұсыныс қабылданған жоқ.
Порталдың мобильді нұсқасын жасау туралы мәселе.
Порталдың мобильді нұсқасын әзірлеу келесі 2022 жылға арналған жаңғырту аясында қарастырылған.
Кепілдендірілген сома дегеніміз не?
Кепілдендірілген сома-бұл мемлекет жабатын сома. Әрбір тауар құнының кепілдік берілген сомасын есептеу өнім берушілердің оны мүгедектерге өткізу үшін порталда берген бағаларының орташа мәні және өткен 3 (үш) қаржы жылындағы оның сатылған саны негізінде жүзеге асырылады. Портал ар...
Көмекші әр сағат үшін есеп беруге міндетті ме?
Көмекші барған объектілерді және ілесіп жүруге жұмсалған сағат санын көрсетуі тиіс. Бұл деректерді күнделікті немесе айдың соңында көрсетуге болады.
Атаулы әлеуметтік көмекке құжаттарды қалай және қайда тапсыруға болады?
Адам жеке өзінің немесе отбасының атынан АӘК тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ол болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Мемлекеттік инстанцияларда адамдардың көп жиналуын болдырмау және COVID-19 жұқтыру қаупін...
Жұбайымен ажырасқанмын, балалармен тұрамын. АӘК алу үшін алимент туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсыну қажет пе? Мен алимент алуға өтініш білдірмедім. Қалай тағайындалатын болады?
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексінің 138-139-баптарына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Осыған байланысты, егер баланың ата-анасы арасында неке қиылса немесе баланың әке...
Кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы дегеніміз не? Кімге ол тиесілі?
Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы АӘК алатын отбасылардан шыққан балаларға азық-түлік және гигиеналық құралдар (1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар) және ыстық тамақ, оқу құралдары, мектеп киімі (6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар) түрінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайы...
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде қандай табыс ескеріледі?
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған, салық салынуға жататын барлық табыс түрлері ескеріледі: 1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар; 2) алимент түріндегі табыс; 3) жеке қосалқы шаруа...
Еңбекке кім қабілетті?
1, 2 топтағы мүгедектерден, екі айдан астам стационарлық емделуде жүрген азаматтардан, 3 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын аналардан басқа отбасының барлық ересек мүшелері еңбекке жарамды болып табылады,