СҚҚК-1 «Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқұықтық актілердің және нормативтік техникалық құжаттардың тізбесіне» сәйкес МСП 4.03-103-2005 «Полиэтиленді құбырларын қолдана отырып, газ құбырларын жобалау, салу және реконструкциялау», ВСН 012/88 «Магистральдық және кәсіпшілік құбырларын салу. Сапасын бағалау және жұмысты қабылдау» нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 3-тармағына сәйкес Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы СҚҚК қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында жоғарыда көрсетілген құжаттарды өзекті және құқықты пайдалану туралы ресми ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жүгіну қажет.