Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 6-9-тармақтарына сәйкес, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға арналған өтініштерді қараудың жалпы тәртібі анықталған:
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруге өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексеріледі. Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, рұқсат беру органы екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жолдайды;
2) Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесіне біліктілік талаптарына сәйкес келуіне рұқсат беру бақылауын жүргізуге сұрау салуды электрондық нысанда жібереді (Біліктілік талаптары ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №77 бұйрығымен бекітілген);
3) Аумақтық бөлімшенің қызметкері сұрау түскен сәттен бастап және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша қорытындыны дайындайды. Аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қорытынды портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі;
4) Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі қызметкерінің және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қорытындысын қарайды, Қағидаларға 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе Қағидалардың 14 және 16-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.