www.elicense.kz, www.egov.kz веб-порталдары арқылы электрондық сандық қолтаңбасы бар (ЭСҚ), жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшасын алуға өтініш бере алады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 4-тармағына сәйкес, лицензия және лицензияға қосымша алу үшін өтініш беруші келесі көрсетілген құжаттар жинағын портал арқылы тиісті органға ұсынуы қажет:
1) Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық түрде алу үшін жеке және заңды тұлғаның өтінішін;
2) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн (лицензияға қосымшаны алу кезінде талап етілмейді);
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысанын.