Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңының 1- қосымшасына сәйкес Лицензия және лицензияға қосымша алу үшін қызмет түрлері және кіші түрлерінің толық тізбесі белгіленген.
Көмірсутектер саласындағы лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне «Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия» (1-қосымшаның 8-жолы), оның ішінде 13 қызметтің кіші түрлері:
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу.
- Көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту.
- Теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар.
- Мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану.
- Көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау.
- Көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау.
- Магистральдық құбыржолдарды пайдалану.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген қызметтің кіші түрлерінің құрамына кірмеген жұмыстар/операциялар лицензиялауға жатпайды. Яғни мекеме бұл жұмыстарды лицензия және лицензияға қосымшасыз атқара алады.