Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығымен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 6 және 8 тармақтарына сәйкес, өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
- ұңғыма объектілерін сынау кезінде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш;
2) өтініш беруші бекіткен ұңғыманың объектілерін сынау жоспарының электрондық көшірмесі;
3) осыған дейін алынған рұқсат аясында ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда, өтініш беруші олардың жүргізілмеген себептерін түсіндіретін растау құжаттың электрондық көшірмесін қоса тіркейді.
- кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шикі газды факелде жағуға рұқсат алу үшін өтініш.
www.elicense.kz ,www.egov.kz веб-порталдары арқылы электрондық сандық қолтаңбасы бар (ЭСҚ), ө тініш беруші Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне ш икі газды факелде жағуға рұқсат алуға өтініш бере алады.