Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 200 бұйрығымен бекітілген «Көмірсутектерді барлау мен өндіру және уран өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы» 4-тармағына сәйкес «Консервациялау және (немесе) жою жобасы Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, өндірістік қауіпсіздік, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, жер қатынастарын реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес келісіледі және (немесе) сараптамадан өтеді».
Сонымен бірге, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамада көрсетілген жобаны көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен келісу көзделмегенін атап өткен жөн.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы Ережеге» сәйкес Министрліктің функционалдық міндеттеріне жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасын келісу құзыретіне кірмейтінін атап өтеміз.
Осылайша, жобаны Министрлікпен келісу талап етілмейді.