«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (бұдан әрі-Кодекс) Қазақстан Республикасы Кодексінің 126-бабының 1-тармағына сәйкес көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы №200 бұйрығымен бекітілген көмірсутектерді барлау және өндіру және уран өндіру кезінде консервациялау және жою қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 6 тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша оператор, сенімгерлік басқарушы) немесе жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға (бұдан әрі – жер қойнауын пайдаланушы) консервациялау және (немесе) жою басталғанға дейін күнтізбелік он бес күн бұрын уәкілетті органға консервациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстардың себебін, бастау мен аяқтаудың болжамды мерзімдерін көрсете отырып, жоспарланып отырған консервациялау және (немесе) жою туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Қағидалардың 7 тармағына сәйкес жоспарланып отырған консервациялау және (немесе) жою туралы хабарламаға мыналар қоса беріледі:
1) консервациялаудың және (немесе) жоюдың қажеттілігі туралы негіздеме;
2) көмірсутектердің немесе уранның қалған өндірілмеген қорлары, сондай-ақ өндіріс қалдықтары (соның ішінде пайдалы, зиянды және улы заттары бар қалдықтар) туралы мәліметтер;
3) бекітілген және Кодексте және басқа заңдарда көзделген сараптамалардан өткен жер қойнауы учаскелерін консервациялау және (немесе) жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасы.
Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда көмірсутектері немесе уран қорының нақты жай-күйі, жер қойнауы учаскесінің жай-күйі, жер бөлігімен шектелген жер беті туралы ақпарат толық көлемде көрсетіледі.
Қағидалардың 8-тармағына сәйкес сәйкес жер қойнауын пайдаланушы консервациялау және (немесе) жою аяқталған соң, он бес күнтізбелік күн ішінде құзыретті органды ондай жұмыстар аяқталғаны туралы хабардар етеді.