Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы №200 бұйрығымен бекітілген Көмірсутектерді барлау және өндіру және уран өндіру кезінде консервациялау және жою қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 19-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген консервациялау және жою жоспарына сәйкес жою немесе консервациялау жүргізілетін ұңғымалардың жеке санаттарын қоспағанда, пайдаланылатын технологиялық объектілер жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою жобасына сәйкес консервацияланады және (немесе) жойылады.
Бұл ретте, осы Қағидалардың 2-тарауының 7-тармағымен технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою жобасын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.
Технологиялық объектілерді консервациялау және жою жоспары Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, жер қатынастарын реттеу салаларындағы заңнамаға сәйкес келісіледі және (немесе) сараптамадан өтеді.