«Деректер орталығы» мен майнинг фермасының айырмашылығы бар ма?
Дәстүрлі деректер орталығының функционалды мақсаты деректерді өңдеу және сақтау болып табылады. Майнинг фермаларының қызметі қамтамасыз етілмеген сандық активтерді (криптовалюта) өндіруге бағытталған.
Қазіргі уақытта дата-орталық және майнинг фермасы ұғымдарының шоғырлануы қолданыстағы заңнамада көрсетілмеген. «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң жобасы шеңберінде майнинг ферма ұғымын қабылдау жоспарлануда.