Осы уақытқа дейін, егер жеке тұлға цифрлық майнинг қызметі туралы хабарлама жібермесе, онда бұл бұзушылық емес пе?
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап цифрлық майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемі үшін төлем қолданысқа енгізілді (1 тг. 1 кВт/сағ үшін) және цифрлық майнинг саласындағы қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады.
Осыған байланысты, майнинг фермасының заңды жұмыс істеуі және салық міндеттемелерін уақтылы төлеу мақсатында жеке тұлғаларға жеке кәсіпкер ретінде майнинг қызметін жүзеге асыруды ұсынамыз.
Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар деректерді өңдеу орталықтарын салу бойынша жоспарланып отырған іс-шаралар туралы күнтізбелік 30 күн ішінде уәкілетті органға қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанында өтініш түрінде хабарлайды.