Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге стандарттарды көрсету талабы көзделген.
Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Стандарттарды (ҚР СТ және МЕМСТ) қолдану конкурстық рәсімдердің ашықтығын және бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттырады, сондай-ақ осы саладағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің мүмкіндігін барынша азайтады. Тапсырыс берушілер болашақ жеткізілімдердің сенімділігін және оларды жүзеге асыру шығындарын анықтай алады.
Біз үнемі сатып алынатын тауарлардың стандарттармен қамтамасыз етілуін талдау бойынша жұмысты жүргіземіз, стандарттар болмаған жағдайда, қажетті стандарттарды әзірлеуді жоспарлап, кірісеміз.
Мысалы, жеңіл өнеркәсіптегі 2700 позицияның 2095-І сатып алынатын тауарлардың стандарттарымен қамтамасыз етілген, 198 позицияның 168 – і құрылыс саласы стандарттармен қамтамасыз етілген, 100 позицияның 67 – і сатып алынатын тауарлардың стандарттарымен қамтамасыз етілген және т. б.
Әрбір тауар тобы үшін стандарттарды айқындау көзделеді, бұл отандық өндірушілерді өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, жоғары сапаға бағдарлауға мүмкіндік береді.