Бүгінде біз ірі әлемдік экономикалардың текетірес жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Жыл сайын 200-ден астам қорғау шаралары енгізілетіні белгілі, олар өз кезегінде өзара саудаға әсер етеді.
Нарыққа әкелінетін тауарлардың қауіпсіздігіне келетін болсақ, бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақтың 52 техникалық регламенті бекітілгенін атап өткім келеді, оның 45 – і қолданыста (10 жобаны әзірлеуде).
Мысалы, ЕАЭО аумағында тамақ өнімдерінің, жиһаз өнімдерінің, жеңіл өнеркәсіптің, көлік құралдарының, ойыншықтардың, балалар индустриясы тауарларының және т. б. барлық желісіне бірыңғай қауіпсіздік талаптары қолданылады.
ЕАЭО-ның техникалық регламенттері әлі жоқ тауарлар бойынша ұлттық техникалық регламенттер (құрылыс өнімі, көмір және т.б.) қолданылады.
Сондықтан мұндай тауарларды әкелу кезінде олардың техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (сертификат немесе сәйкестік туралы декларация түрінде) алу міндетті шарт болып табылады.
Тауарлардың бірыңғай нарығы жағдайында біз сондай-ақ нарықтан жосықсыз субъектілерді алып тастау бойынша жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығын түсінеміз.
Бүгінгі таңда Техникалық реттеу және метрология комитеті азық-түлікке жатпайтын тауарлардың қауіпсіздігіне, егер тауар сапасыз болып шықса және оларға берілген сертификаттар мен декларациялардың күші жойылса, оларды алып қою құқығымен мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Тамақ өнімдеріне мемлекеттік бақылауды Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүргізеді.