Бағаны тұрақтандыру бойынша Жол картасын не үшін әзірледік?

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

    Сұрақ

    Бағаны тұрақтандыру бойынша Жол картасын не үшін әзірледік?

    Жауап

    ҚР Сауда және интеграция министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп Бағаны тұрақтандыру бойынша жол картасын әзірледі.

    Жол картасы мынадай іс-шараларды қамтиды: тексерулер мен комплаенс, сауда шаралары, өндірісті ұлғайту және кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ заңнамалық өзгерістер.

    Бірінші бағыт "Тексерулер және комплаенс". Бүгінгі таңда азық-түлік бағасының айтарлықтай өсуі байқалады. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган мен әкімдіктер тарапынан бақылауды күшейту қажеттілігі туындады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құзыретіне басым бизнес субъектілерінің бағалық сөз байласу фактілерін анықтау және олар анықталған жағдайда мұндай бұзушылықтың жолын кесу кіреді. Өз кезегінде, әкімдіктерге ӘМАТ-қа шекті бағалардың сақталуын бақылау құзыреті берілген.

    Жол картасында әкімдіктерге, фискалдық және монополияға қарсы органдарға барлық қажетті бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік беретін шағын бизнеске қатысты тексерулерді тағайындау алгоритмін қабылдау көзделген.

    Екінші бағыт "Сауда шаралары". Бағаларды тежеудің пәрменді тетіктерінің бірі өңірлерде шекті бағаларды белгілеу болып табылады. Мәселен, күнбағыс майы мен жұмыртқа бойынша барлық өңірлерде шекті бағалар асып түсті. Әкімдіктер шекті бағаны белгілеуі тиіс. Сауда және интеграция министрлігі, өз кезегінде, осы тауарларға шекті бағаларды белгілеуді ұсынады.

    Екінші әрекет ететін тетік – «айналым схемасы», яғни сауда желілеріне жеңілдікті қарыздар беру. Айналым схемасы шеңберінде тауарлар сауда желілерінің сөрелерінен нарықтық бағадан орташа алғанда 15-20% - ға төмен бағамен сатылады. Сауда және интеграция министрлігі айналым схемасын қаржыландыруды ағымдағы 21,9 млрд. теңгеден 50 млрд. теңгеге дейін кеңейтуді ұсынады. Сондай-ақ, Сауда және интеграция министрлігі тауарлардың, атап айтқанда, бұқашықтар мен қошқарлардың экспортына квоталар белгілеуді ұсынады. Себебі Өзбекстанға тірі ІҚМ мен ұсақ мал экспортының жоғары болуына байланысты сиыр еті бағасының өсу қаупі бар.

    Өндірісті ұлғайту және кәсіпорындарды қолдау жөніндегі үшінші шара. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолдауы субсидиялауды білдіреді. Субсидиялауды ұлғайту, субсидиялау критерийлерін қайта қарау, сондай-ақ теміржол тасымалы шығындарының бір бөлігін өтеу өтемақысы, сауда объектілерінде оларды одан әрі сату үшін азық-түлік корпорацияларының резервінен әлеуметтік маңызы бар тауарларды бөлу, сондай-ақ электр энергиясына тарифтерді белгілеу көзделеді, өйткені бүгінде ӘМАТ өндірушілердің негізгі шығындарының бірі коммуналдық қызметтер болып табылады.

    Бұдан басқа, ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұрақтандыру қорларын импортқа тәуелді тауарларды сатып алуға қайта бағдарлауды ұсынады, себебі сыртқы бағалар ішкі бағаларға ауысады және бағаның жоғары өсуін береді. Бұл қант пен қарақұмықтан байқалады. Әлемдік бағаның өсуіне байланысты ішкі нарықтағы осы тауарлардың құны өсті.

    Төртінші бағыт заңнамалық өзгерістерді қамтиды. Мәселен, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндірушілермен және жеткізушілермен ӘКК-нің форвардтық шарттарын жасасу кезінде мемлекеттік сатып алуды өткізудің ұзақ рәсіміне байланысты мәселе өзекті болып қалуда, бұл Жол картасында көрініс тапты.

    ҚР Сауда және интеграция министрлігінің пікірінше, өндіріс көлемін, экспортты/импортты, егіс алқаптарын болжамай-ақ, Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік тауарларының құнын болжай алмайды. Болжау институтын енгізу бағаның өсуіне жол бермеу бойынша тиісті шараларды алдын ала қабылдауға, тауарларды артық болуы бар өңірлерден тапшылыққа қайта бағыттауға, сол арқылы бағаларды ұстап тұруға мүмкіндік береді.

    Естеріңізге сала кетейік, ҚР СИМ, ҚР АШМ және ҚР БҚДА-мен бірлесіп бағаны тұрақтандыру бойынша Жол картасын әзірледі, бұл туралы 2021 жылғы 11 наурыздағы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. Осыған байланысты, Сауда министрлігі мен бірқатар ОМО барлық салдарды әкімшілік тұтқалармен теңестіруге мәжбүр. Ол үшін мемлекет тарапынан бақылауды жүзеге асыру қажет.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Биржалық котировкаларды қайдан көруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Биржалық котировкаларды тауар биржасының ресми сайтынан көруге болады.Толық жауап:Қазақстан Республикасының «Тауар биржалары туралы» Заңының 18-бабына сәйкес, әрбір тауар биржасы биржалық тауарлардың бағасы (котировкалар) туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсы...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Брокер мен дилерге тауар биржасында аккредитациядан өту үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Тауар биржасында аккредитациядан өту үшін брокер немесе дилер келесі талаптарға сай болуы керек: Азаматтық құқықтары болуы және төлем қабілеттілігі. Салықтық қарызы болмауы және банкроттық рәсімінен өтпеуі. Мүлкіне тұтқындау қойылмаған және қызметі тоқтатылмаған болуы...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Жәрмеңкеге қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Көрмелер және жәрменкелер ұйымдастыруды әкімдіктер жүзеге асырады. Олар жәрменкелердің шарттары мен мерзімдерін анықтайды, сондай-ақ орташа нарықтық бағадан 15% - ға төмен белгіленеді. Жәрмеңкеде қатысуға өтінім беру үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жүгіну қажет. Т...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында тұтынушылардың құқықтары бұзылса, не істеу керек? Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ), домофон қызметтеріне қайда шағымдануға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін жергілікті атқарушы органдар реттейді.Толық жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғ...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Қазақстанда тауардың немесе қызметтің сапасы бойынша шағымды қалай дұрыс беруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сатушыға (немесе өндiрушiге, орындаушыға) шағымды еркiн нысанда жазуға болады. Бұл шағымда міндетті түрде мыналарды көрсету қажет: - тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі және пошталық мекенжайы;- талаптар қойылатын сатушы (немесе өндіруші, ор...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға зиянды болуы мүмкін деп ойласаңыз, уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіну қаже...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауарды қай уақытта қайтаруға немесе айырбастауға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастауыңызға болады: Ақауы бар тауар, чек болған жағдайда - кепілдік мерзімі ішінде немесе 2 жылға дейін. Ақауы жоқ тауар, алайда сәйкес келмеді - егер тауарлық түрі, жапсырмасы мен чегі сақталса, 14 күн ішінде. Қайта...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Сапасыз өнімдерді сатып алған жағдайда қайда хабарласуға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сапасыз тауарға шағымданғыңыз келсе, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгіну қажет. Бұл органның сатушыларға тәртiп бұзғаны үшiн айыппұл салуға құқығы бар. (негіздеме: «Әкімшілік құқық бұзушыл...

    ҚР СИМ·