Жұмыртқа бағасының өсу себептері қандай ?

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

    Сұрақ

    Жұмыртқа бағасының өсу себептері қандай ?

    Жауап

    2021 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша апта сайынғы статистикалық деректерге сәйкес ел өңірлерінде 1-санаттағы он жұмыртқаның бағасы 340 теңгеденбастап485 теңгеге дейін құбылады. Жыл басынан бері бағаның өсуі 11,9%-ды құрайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

    Естеріңізге сала кетейік, мемлекет бағаны реттей алатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізіміне тек 1-санаттағы жұмыртқа ғана жатады.

    Бағаның өсуінің негізгі себептері құс тұмауына байланысты 2020 жылы өлім салдарынан 2020 жылы жұмыртқа өндірісінің 8,4%-ға қысқаруы болып табылады. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша өлім 2,6 млн.мекиен тауықты құрады. Бағаның өсуінің екінші себебі – жем-шөптің қымбаттауы (оның ішінде жемдік астық). Жыл бойы жем-шөптің құны 54.4%-ке ұлғайды.

    Өңірлерде бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыртқа өндіруші компаниялар мен сауда объектілері (дүкендер, сауда желілері) арасында жұмыртқа сөрелеріне тікелей жеткізу және сатудың тіркелген бағасын қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасалады. Әкімдіктер басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша осындай жұмыстар жүргізуде.

    Анықтама:

    Ел бойынша барлығы 1472 ӘМАТ өндірушілері мен 11186 сауда объектілері арасында 12658 меморандум жасалды.

    Бұдан басқа, жемдердің бағасының өсімін тежеу үшін «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ базасында тұрақты жұмыс істейтін жемдік астық қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыртқа өндіру шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу жөніндегі деректер мен басқа да шаралар ҚР Сауда және интеграция министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп әзірлеген арнайы Жол картасында көзделген.

    Жол картасының қабылданған жедел іс-шараларының нәтижесінде, мереке күндеріне қарамастан, қажетті өнімдер дәстүрлі түрде қымбаттап жатса да, бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік туды.

    Мерекелік аптада ( 2021 жылғы 16-25 наурыз аралығында) әлеуметтік маңызы бар жұмыртқалардың бағасы 0,2% - ға төмендеді.

    Бұл ретте, өткен аптада ( 2021 жылғы 9-16 наурыз аралығында) 1-санаттағы жұмыртқаларға бағаның өсуі бар болғаны 0,1% - ды құрады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Биржалық котировкаларды қайдан көруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Биржалық котировкаларды тауар биржасының ресми сайтынан көруге болады.Толық жауап:Қазақстан Республикасының «Тауар биржалары туралы» Заңының 18-бабына сәйкес, әрбір тауар биржасы биржалық тауарлардың бағасы (котировкалар) туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсы...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Брокер мен дилерге тауар биржасында аккредитациядан өту үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Тауар биржасында аккредитациядан өту үшін брокер немесе дилер келесі талаптарға сай болуы керек: Азаматтық құқықтары болуы және төлем қабілеттілігі. Салықтық қарызы болмауы және банкроттық рәсімінен өтпеуі. Мүлкіне тұтқындау қойылмаған және қызметі тоқтатылмаған болуы...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Жәрмеңкеге қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Көрмелер және жәрменкелер ұйымдастыруды әкімдіктер жүзеге асырады. Олар жәрменкелердің шарттары мен мерзімдерін анықтайды, сондай-ақ орташа нарықтық бағадан 15% - ға төмен белгіленеді. Жәрмеңкеде қатысуға өтінім беру үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жүгіну қажет. Т...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында тұтынушылардың құқықтары бұзылса, не істеу керек? Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ), домофон қызметтеріне қайда шағымдануға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін жергілікті атқарушы органдар реттейді.Толық жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғ...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Қазақстанда тауардың немесе қызметтің сапасы бойынша шағымды қалай дұрыс беруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сатушыға (немесе өндiрушiге, орындаушыға) шағымды еркiн нысанда жазуға болады. Бұл шағымда міндетті түрде мыналарды көрсету қажет: - тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі және пошталық мекенжайы;- талаптар қойылатын сатушы (немесе өндіруші, ор...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға зиянды болуы мүмкін деп ойласаңыз, уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіну қаже...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауарды қай уақытта қайтаруға немесе айырбастауға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастауыңызға болады: Ақауы бар тауар, чек болған жағдайда - кепілдік мерзімі ішінде немесе 2 жылға дейін. Ақауы жоқ тауар, алайда сәйкес келмеді - егер тауарлық түрі, жапсырмасы мен чегі сақталса, 14 күн ішінде. Қайта...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Сапасыз өнімдерді сатып алған жағдайда қайда хабарласуға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сапасыз тауарға шағымданғыңыз келсе, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгіну қажет. Бұл органның сатушыларға тәртiп бұзғаны үшiн айыппұл салуға құқығы бар. (негіздеме: «Әкімшілік құқық бұзушыл...

    ҚР СИМ·