Сауда министрлігі бағаны тұрақтандыру үшін не істеп жатыр ?

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

    Сұрақ

    Сауда министрлігі бағаны тұрақтандыру үшін не істеп жатыр ?

    Жауап

    2021 жылғы 7 қыркүйекте, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев ҚР Үкіметінің отырысында сөз сөйледі, оның барысында Мемлекет басшысының азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шеңберіндегі тапсырмалардың орындалуы туралы айтты.

    Мәселен, ол ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп бағасы 34% - ға немесе 71 теңгеге, сәбіз-41% - ға немесе 122 теңгеге төмендегенін хабарлады.


    Вице-министрдің айтуынша, бір апта ішінде қырыққабат пен пияз - 0,4% және 0,1% арзандады.
    Жалпы ішкі нарықты отандық өнімдермен молықтыру есебінен соңғы екі аптада бағалар 0,5% - ға төмендеді.


    Вице-министр атап өткендей, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,9% - ға өсті.

    Вице-министр инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің жобасы туралы айтып берді. Шаралар кешеніне әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу бойынша жедел және жүйелі шаралар енгізілген. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу мәселелерінде бірыңғай үйлестіруді жүзеге асыратын Министрлікті негізгі жауапты мемлекеттік орган ретінде айқындау жөніндегі тапсырмасын іске асыру туралы баяндады. Қазіргі уақытта осы мақсатта Салалық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік органдар ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл регламентінің жобасы әзірленді. "Регламентті ҚР Үкіметінің таяудағы отырысында бекіту жоспарлануда", - деп қосты Ержан Қазанбаев.

    "Аталған бастама шеңберінде мемлекеттік органдардың шекті бағалар мен сауда үстемелері мөлшерінің сақталуын бақылау; машиналық технологияларды қолдана отырып деректерді жинау және өңдеу; тауарлар бойынша болжамдарды қалыптастыру; тұрақтандыру қорлары қаражатын тиімді бөлу бойынша ұсынымдар мен "айналым схемасы" сияқты функцияларын біріктіру қажет", - деп түсіндірді сауда және инетгарция вице-министрі. Ол пилоттық режимде іске қосуға дайын сауда бойынша құрылған аналитикалық платформа туралы айтып берді.

    Платформа онлайн-режимде азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізуге, болжамды бағаларды қалыптастыруға, сондай-ақ бағаның өсу себептері мен оларды тұрақтандыру жолдарын көруге мүмкіндік беретін математикалық модельдер құруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ, платформаға әкімдіктердің ахуалдық орталықтары қосылатын болады, бұл өңірлердегі бағалар бойынша жағдайды жедел режимде мониторингілеуге мүмкіндік береді.

    Ұлттық тауар өткізу жүйесін (ҰТЖ) іске асыру туралы айта келе, ол ҰТЖ 1-кезеңінің құрылысы үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде шарт жасалғанын хабарлады.Бүгінгі күні Шарт Қазынашылық комитетінде тіркелген және жобалау-сметалық құжаттаманы жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. "2 КТО жаңғырту және тапсыру 2022 жылдың қаңтарына дейін жоспарланып отыр, қалған КТО құрылысын қаңтар айында бастау және 2022 жылдың тамызына дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деп нақтылады Вице-министр.2-ші кезеңде 17 КТО салу жоспарлануда. Жекеше әріптеспен бірлесіп маркетингтік талдау жүргізілді, жер учаскелерінің 70%-ы анықталды және оларды бөлу бойынша рәсімдер басталды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Биржалық котировкаларды қайдан көруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Биржалық котировкаларды тауар биржасының ресми сайтынан көруге болады.Толық жауап:Қазақстан Республикасының «Тауар биржалары туралы» Заңының 18-бабына сәйкес, әрбір тауар биржасы биржалық тауарлардың бағасы (котировкалар) туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсы...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Брокер мен дилерге тауар биржасында аккредитациядан өту үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Тауар биржасында аккредитациядан өту үшін брокер немесе дилер келесі талаптарға сай болуы керек: Азаматтық құқықтары болуы және төлем қабілеттілігі. Салықтық қарызы болмауы және банкроттық рәсімінен өтпеуі. Мүлкіне тұтқындау қойылмаған және қызметі тоқтатылмаған болуы...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Жәрмеңкеге қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Көрмелер және жәрменкелер ұйымдастыруды әкімдіктер жүзеге асырады. Олар жәрменкелердің шарттары мен мерзімдерін анықтайды, сондай-ақ орташа нарықтық бағадан 15% - ға төмен белгіленеді. Жәрмеңкеде қатысуға өтінім беру үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жүгіну қажет. Т...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында тұтынушылардың құқықтары бұзылса, не істеу керек? Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ), домофон қызметтеріне қайда шағымдануға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін жергілікті атқарушы органдар реттейді.Толық жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғ...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Қазақстанда тауардың немесе қызметтің сапасы бойынша шағымды қалай дұрыс беруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сатушыға (немесе өндiрушiге, орындаушыға) шағымды еркiн нысанда жазуға болады. Бұл шағымда міндетті түрде мыналарды көрсету қажет: - тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі және пошталық мекенжайы;- талаптар қойылатын сатушы (немесе өндіруші, ор...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға зиянды болуы мүмкін деп ойласаңыз, уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіну қаже...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауарды қай уақытта қайтаруға немесе айырбастауға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастауыңызға болады: Ақауы бар тауар, чек болған жағдайда - кепілдік мерзімі ішінде немесе 2 жылға дейін. Ақауы жоқ тауар, алайда сәйкес келмеді - егер тауарлық түрі, жапсырмасы мен чегі сақталса, 14 күн ішінде. Қайта...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Сапасыз өнімдерді сатып алған жағдайда қайда хабарласуға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сапасыз тауарға шағымданғыңыз келсе, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгіну қажет. Бұл органның сатушыларға тәртiп бұзғаны үшiн айыппұл салуға құқығы бар. (негіздеме: «Әкімшілік құқық бұзушыл...

    ҚР СИМ·