Қандай жекелеген тауарларға кедендік әкелу баждарының ставкалары төмендетілді?

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

    Сұрақ

    Қандай жекелеген тауарларға кедендік әкелу баждарының ставкалары төмендетілді?

    Жауап

    ҚР СИМ отандық бизнеске қажетті жекелеген тауарларға кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін төмендету бойынша жұмыс жүргізілді Өнімнің өзіндік құнын төмендету және қазақстандық тауардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, сондай-ақ металлургия кәсіпорындарына қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған қаржылық-өндірістік көрсеткіштерді болжауға мүмкіндік беру үшін Министрлік өндірушінің өтініші негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында қымыздық қышқылына қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін төмендетуге бастамашылық жасады.

    ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен келіссөздер қорытындысы бойынша қымыздық қышқылына қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін 2 жыл мерзімге 0% мөлшерінде белгілеу туралы шешім қабылданды. Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін төмендету өндіріс көлемін ұлғайтуға және өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, өндіріс рентабельділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бажды жоюдан үнемделген ақша қаражаты сирек кездесетін металдардың ұжымдық концентраттарын өндіру технологиясын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, бұл әлемдік нарықта өндірушінің қазақстандық экспорттық өніміне деген сұранысқа оң әсер етеді.

    Бұдан басқа, «Sachiko-Olzha Products» ЖШС отандық жөргек өндірушілерін қолдау мақсатында Ресейдің шикізат тауарына – суперабсорбентке нөлдік бажды ұзарту туралы ұсынысын қолдады. Өндірушінің ақпараты бойынша суперабсорбентке 0% мөлшерлеме компанияға түсімді орта есеппен 30% - ға, жөргектерді сату көлемін 20% - ға арттыруға, экспортты ұлғайтуға және қызметкерлер штатын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

    Жалпы, Қазақстаннан Ресей Федерациясына, Өзбекстан мен Тәжікстанға жөргек түріндегі дайын өнім экспортының артқаны байқалады.



    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Биржалық котировкаларды қайдан көруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Биржалық котировкаларды тауар биржасының ресми сайтынан көруге болады.Толық жауап:Қазақстан Республикасының «Тауар биржалары туралы» Заңының 18-бабына сәйкес, әрбір тауар биржасы биржалық тауарлардың бағасы (котировкалар) туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсы...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Брокер мен дилерге тауар биржасында аккредитациядан өту үшін қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Тауар биржасында аккредитациядан өту үшін брокер немесе дилер келесі талаптарға сай болуы керек: Азаматтық құқықтары болуы және төлем қабілеттілігі. Салықтық қарызы болмауы және банкроттық рәсімінен өтпеуі. Мүлкіне тұтқындау қойылмаған және қызметі тоқтатылмаған болуы...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Жәрмеңкеге қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Көрмелер және жәрменкелер ұйымдастыруды әкімдіктер жүзеге асырады. Олар жәрменкелердің шарттары мен мерзімдерін анықтайды, сондай-ақ орташа нарықтық бағадан 15% - ға төмен белгіленеді. Жәрмеңкеде қатысуға өтінім беру үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жүгіну қажет. Т...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында тұтынушылардың құқықтары бұзылса, не істеу керек? Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ), домофон қызметтеріне қайда шағымдануға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін жергілікті атқарушы органдар реттейді.Толық жауап:«Тұтынушылардың құқықтарын қорғ...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Қазақстанда тауардың немесе қызметтің сапасы бойынша шағымды қалай дұрыс беруге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сатушыға (немесе өндiрушiге, орындаушыға) шағымды еркiн нысанда жазуға болады. Бұл шағымда міндетті түрде мыналарды көрсету қажет: - тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі және пошталық мекенжайы;- талаптар қойылатын сатушы (немесе өндіруші, ор...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға зиянды болуы мүмкін деп ойласаңыз, уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіну қаже...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Тауарды қай уақытта қайтаруға немесе айырбастауға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Сіз тауарды екі жағдайда қайтара аласыз немесе айырбастауыңызға болады: Ақауы бар тауар, чек болған жағдайда - кепілдік мерзімі ішінде немесе 2 жылға дейін. Ақауы жоқ тауар, алайда сәйкес келмеді - егер тауарлық түрі, жапсырмасы мен чегі сақталса, 14 күн ішінде. Қайта...

    ҚР СИМ·
    Сұрақ

    Сапасыз өнімдерді сатып алған жағдайда қайда хабарласуға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер сапасыз тауарға шағымданғыңыз келсе, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгіну қажет. Бұл органның сатушыларға тәртiп бұзғаны үшiн айыппұл салуға құқығы бар. (негіздеме: «Әкімшілік құқық бұзушыл...

    ҚР СИМ·