Ұялы байланыс сигналының сапасына және мобильді кең жолақты Интернетке қосылу проблемасына қатысты электрондық үкімет порталы арқылы немесе Өңіраралық байланыс инспекциялары атына не Министрліктің Телекоммуникациялар комитетіне қолма-қол ресми өтініш беру қажет, өтініште орын алған проблема, нақты мекенжай, байланыс операторы, өз байланыс деректері көрсетілуі тиіс. Өтініш келіп түскеннен кейін мемлекеттік орган тексеріс жүргізеді және бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторына қатысты әкімшілік айыппұл жасалады және лауазымды тұлға белгілеген мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізіледі.
Инспекциялар:
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Ақмола облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ