Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген дәрілік заттарды өткізу кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібін түсіндіруді сұраймыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 474-бабының 28) тармақшасына және 479-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, ҚҚС-тан босату мұндай дәрілік заттарды өткізудің барлық кезеңдеріндегі өткізу бойынша айналымдарға қолданылатынын растауды сұраймыз.
Салық кодексінің 503-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС ставкасы 16 пайызды құрайды. 5 пайыз мөлшеріндегі төмендетілген ставка (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын және техника...