Егер қоса қарыз алушы немесе кепілгер болса, кредит не болады?

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Сұрақ

    Егер қоса қарыз алушы немесе кепілгер болса, кредит не болады?

    Жауап

    ҚР АК-нің 287-бабына сәйкес кредиторлардың әрқайсысы мiндеттеменi толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауға мiндеттi болуына сәйкес көп жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме деп танылады.

    Борышқорлар ортақтасып мiндеттi болған жағдайда кредитор барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенiнен де, оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың бiрiнен толық қанағаттанбаған кредитор алынбағанды ортақтас борышқорлардың қалғандарынан талап етуге құқылы. Ортақтас борышкерлер міндеттеме толық орындалмайынша міндетті болып қалады.

    Осылайша, бірнеше қарыз алушымен қарыз шартын жасасу кезінде олардың біреуі қайтыс болған жағдайда қалған қарыз алушылардың міндеттемелері сақталады. Банк қарыз шартының талаптарына сәйкес қарыз алушылардан міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы.

    ҚР АК-нің 330-бабына сәйкес кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) кредитор алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы жауап беруге мiндеттенедi.

    Егер кепілгерлік шарттарында өзгеше көзделмесе, кепілгер кредитордың алдында кепілгерлікте көрсетілген сома шегінде жауапты болады. Субсидиарлық жауапкершілікке ие кепілгерге талаптар қойылғанға дейін кредитор борышкердің бұл талапты қанағаттандыруы үшін, атап айтқанда, қарсы талапты есепке жатқызу және борышкердің мүлкіне белгіленген тәртіппен өндіріп алу жолымен ақылға қонымды шаралар қабылдауы тиіс.

    Осыған байланысты, қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілгерлік шарты жасалған жағдайда, банк кепілгерге кепілгер шартында көзделген көлемде талаптар қоя алады. Бұл ретте мұрагерлердің болуы кепілгерге талаптар қоюды жоққа шығармайды. Өз кезегінде, кепіл беруші мұрагерлері болған кезде олардан ҚР АК 334-бабына сәйкес борышкердің кредитор алдындағы міндеттемесін орындаған бөлігінде қайтыс болған адамның міндеттемелерін орындауды талап етуге құқылы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Банк пен мұрагерлер кредитке байланысты мәселені реттеуге тиіс болатын мерзім қарастырылған ба?

    Жауап

    ҚР АК-нің 1072-2-бабына сәйкес мұраның ашылу күнінен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін. Мұра азаматтың қайтыс болуының немесе оны қайтыс болды деп жариялаудың болжамды күні ашылған жағдайда (ҚР АК-нің 1042-бабының 2-тармағы) мұра - мұра қалдырушының қайтыс болған күнi,...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Мұрагерлер кредитті дереу төлеуі керек пе немесе алдымен мұрагерлік ресімделе ме?

    Жауап

    Мұрагерлерге мұраны қабылдағаннан кейін кредиторлар оларға талаптар қоюға құқылы. Осыған байланысты мұраны қабылдау және мұрагерлік құқықтарды ресімдеу заңды маңызы бар жағдай болып табылады. Сонымен бірге заңнама үшінші тұлғаларға қарыз алушының берешегін өтеу есебіне төлем жаса...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Егер қарыз алушының өмірі сақтандырған болса, борышы есептен шығарыла ма?

    Жауап

    Сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырады. Сақтандыру төлемінен кейін берешек қалдығының болуының өзі мұрагерлердің оны толық көлемде өтеу жауапкершіл...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Егер қарыз алушы қайтыс болғаннан кейін ешкім кредит төлемесе, банк қандай әрекет жасайды?

    Жауап

    Қайтыс болған адамның мұрагерлерімен несие берешегін өтеу туралы мәселелерді ерікті түрде не сот тәртібімен шешуге болады. Мұрагерлер болмаған жағдайда, егер кредит кепілмен қамтамасыз етілген болса, банктер кепіл мүлкінен өндіріп алуға құқылы. Мұрагерлер мен мұрагерлік массаны қ...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Кредиттер бойынша борыш адам қайтыс болғаннан кейін мұрагерлерге ауыса ма?

    Жауап

    ҚР Азаматтық кодексінің[1] 1040-бабының бірінші бөлігіне сәйкес мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi. Мұраның құрамына мұра қалдырушының тірі кезінде ресімделмеген мүліктік...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарызды өтеуге енгізілген ақшаның бөлінуі және берешек қалдығы туралы ақпаратты қалай алуға болады?

    Жауап

    Банк банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде клиенттің (қарыз алушының) немесе кепіл берушінің сұрау салуы бойынша (банк құпиясы талаптарын сақтай отырып) сұрау салуды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда мыналар туралы мәліметтерді ұсынады: 1) банкке тө...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарызды толық өтегеннен кейін кредиттік тарих қанша мерзімде жаңартылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кредит бюролары және кредит тарихын қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, ақпарат берушілер (банктер, микроқаржы ұйымдары және өзге де кредиторлар) кредит тарихының субъектісі туралы тиісті деректер алынған...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    «Стоп кредит» қарыз алуға өзін-өзі шектеуді қалай жоюға (алып тастауға) болады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 34-бабының 5-1-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңының 3-бабының 3-2-тармағына сәйкес, жеке тұлға банктік қарыздарды/микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеуге немесе алып т...

    ҚР ҚНРДА·