Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на жұмысқа орналаса ала ма?

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті

    Сұрақ

    Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на жұмысқа орналаса ала ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК) сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналастыруға жол берілмейді (ҚР ЕК-нің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы).

    Сонымен қатар, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды мемлекеттік қызметке теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға азаматтық қызметке жұмысқа орналастыруға тыйым салынады (ҚР ЕК-нің 139-бабы 4-тармағының 1) тармақшасы).

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1-бабы 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын тұлға мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам болып табылады.

    ҚР ЕК-нің 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, азаматтық қызмет – азаматтық қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін орындау жөніндегі, қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуге және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіби қызметі.

    Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар жатады.

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 132-бабына сәйкес қазыналық кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорындарға жатады.

    Жоғарыда көрсетілген ҚР ЕК нормаларынан аталған адамдармен еңбек шартын жасасуға қойылатын тыйым олардың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған фактісінің өзіне байланысты қолданылатыны туындайды. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық қылмысының жасалғанына қанша уақыт өткені, адамның рақымшылық жасау актісіне байланысты жауаптылықтан босатылғаны және басқа да мән-жайлар маңызды емес.

    Аталған тыйым өмір бойы қолданылады.

    Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған фактісі еңбек шартын жасасу кезеңінде, ҚР ЕК-нің 32-бабы 3-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтаманы ұсыну арқылы анықталады.

    Қорытынды

    Осы айтылғандарды ескере отырып, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на, кез келген лауазымға жұмысқа қабылдана алмайды.

    Ал азаматтық қызметке қатысты мұндай адамды мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға қабылдауға жол берілмейді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасына кірмей, қазақстандық компаниямен жасалған еңбек шарты бойынша қашықтан жұмыс істейтін шетелдік қызметкерге рұқсат алу қажет пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында шетелдіктермен және азаматтығы жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын адамдармен еңбек шартын жасасуға жұмыс беруші жергілікті атқарушы органнан шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алғанға дейін жол берілмейді. Жұмыс берушілерге шетелді...

    Сұрақ

    Егер азаматтың соттылығы балалармен жұмыс істеуге қатысы болмаса және сот үкімімен оның педагог ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруына қандай да бір шектеу белгіленбесе, білім беру ұйымдарының оны жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқығы бар ма?

    Жауап

    Егер азаматтың соттылығы балалармен жұмыс істеуге қатысы болмаса және сот үкімімен педагог ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруға қандай да бір шектеу белгіленбесе, білім беру ұйымының оны жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқығы бар ма? Егер сөз Қазақстан Республикасы туралы болса,...

    Сұрақ

    Егер жұмыскер жұмысқа орналасқан күннен бастап небәрі 4 ай жұмыс істеген болса, жұмыс беруші оған толық жыл сайынғы еңбек демалысын аванс ретінде бере ала ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 22-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жұмыскердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші оны жұмыскерге беруге міндетті. Көрсетілген құқ...

    Сұрақ

    Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беру тәртібіне қатысты сұрақ-жауаптар

    Жауап

    1-сұрақ: Скрининг дегеніміз не және ол не үшін қажет? Жауап:Скрининг - бұл шағымдары мен ауру белгілері жоқ адамдарға жүргізілетін профилактикалық тексеру. Ол аурулар мен қауіп факторларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, өйткені дәл осы кезеңде емдеу ең тиімді болады. 2-...

    Сұрақ

    Маусымдық және уақытша жұмыскерлердің еңбек құқықтары

    Жауап

    1. Маусымдық жұмыс көлемі артқан кезеңде көптеген жұмыс берушілер жұмыскерлерді бір-екі айға жұмысқа тартады. Мұндай жағдайда еңбек шартын жасасу міндетті ме? Жауап: Иә, міндетті. Жұмыс мерзімінің қысқа болуы жұмыс берушіні еңбек қатынастарын ресімдеу міндетінен босатпайды. Егер...