Неліктен бір ауру кезінде бір адамға мүгедектік белгіленеді, ал екіншісіне белгіленбейді?
Себебі МӘС кезінде диагноз ғана емес, организм функцияларының бұзылу дәрежесі, тіршілік әрекетінің шектелуі, адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріп-тұру, қарым-қатынас жасау, білім алу және еңбек қызметін жүзеге асыру қабілеті де бағаланады. Бір диагнозы бар адамдардағы функционалдық бұзылыстардың дәрежесі айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.