Мүгедектік тек диагноз негізінде белгіленетіні рас па?
Жоқ. Диагноздың өзі мүгедектікті белгілеуге сөзсіз негіз болып табылмайды. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде организм функцияларының тұрақты бұзылыстары және олардың салдарынан туындаған тіршілік әрекетінің шектелуі бағаланады. Шешім бұзылыстардың айқындылық дәрежесі және белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі ескеріле отырып қабылданады.