Жұмысқа қабылданғанына 4 ай ғана болған қызметкерге жұмыс беруші толық еңбек демалысын аванс ретінде бере ала ма?

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті

    Сұрақ

    Жұмысқа қабылданғанына 4 ай ғана болған қызметкерге жұмыс беруші толық еңбек демалысын аванс ретінде бере ала ма?

    Жауап

    ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 22-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жұмыскердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші жұмыскерге мұндай демалысты беруге міндетті.
    Аталған құқықтар мен міндеттер жұмыскерде ҚР ЕК-нің 91-бабына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқық беретін еңбек өтілі болған жағдайда туындайды (бұдан әрі – еңбек өтілі). Еңбек өтіліне:
    нақты жұмыс істеген уақыт;
    жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) және жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
    жұмыскер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілікке және босануға байланысты демалыста болған уақыты;
    жұмыскерді жұмысқа қайта қалпына келтіргенге дейін нақты жұмыс істемеген уақыты кіреді.
    Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексі жұмыскердің толық еңбек өтілі болмаған жағдайда да жұмыс берушінің оған еңбек демалысын беру мүмкіндігін көздейді.
    Атап айтқанда, ҚР ЕК-нің 92-бабы 1-тармағына сәйкес жұмыскерге бірінші және кейінгі жұмыс жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
    Жұмыскер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерге бөлінуі мүмкін (ҚР ЕК-нің 92-бабы 3-тармағы).
    ҚР ЕК-нің 93-бабына сәйкес жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарын беру кезектілігі жұмыскерлердің пікірін ескере отырып, жұмыс беруші бекітетін демалыстар кестесімен айқындалады не тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
    Жоғарыда баяндалғандардың негізінде:
    еңбек өтілі бар жұмыскерлерге еңбек демалысы (оның ішінде қосымша еңбек демалысы) толық көлемде беріледі, егер жұмыскердің өзі еңбек демалысын бөліктерге бөлуді қаламаса;
    егер жұмыскердің еңбек өтілі болмаса немесе ол 12 айдан аз болса, жұмыскердің өтініші бойынша және жұмыс берушінің келісімі болған жағдайда, оған толық еңбек демалысы аванс ретінде немесе нақты жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде еңбек демалысының бір бөлігі берілуі мүмкін;
    егер еңбек демалыстарының кестесінде еңбек қатынастары тараптарының келісімімен өзгеше тәртіп (бөліктерге бөлу немесе нақты жұмыс істеген кезең үшін беру) көзделмесе, жұмыс беруші бекітілген еңбек демалыстарының кестесі шеңберінде жұмыскердің қабылдаған міндеттемелерін ескере отырып, оған толық еңбек демалысын беруге міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жалақы төлеу мерзімі?

    Жауап

    ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 1-тармағына сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жа...

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жалақыны төлемесе не істеу керек?

    Жауап

    Жұмыскер ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жұмыс беруші туралы мәліметтерді, берешек кезеңін және бұзушылық мән-жайларын көрсете отырып, өтініш жолдауы қажет. Сондай-ақ, еңбек қатынастарын растайтын қолда бар құжаттарды қоса б...

    Сұрақ

    Еңбек шартын жазбаша нысанда жасау міндетті ме?

    Жауап

    Иә. Еңбек қатынастары тиісінше ресімделуі тиіс. Еңбек шартында жұмыстың негізгі шарттары, соның ішінде еңбек функциясы, жұмыс орны, шарттың мерзімі, жұмыстың басталу күні және заңнамада көзделген басқа да шарттар айқындалады. Еңбек шарты туралы мәліметтер сондай-ақ белгіленген тә...

    Сұрақ

    Заңсыз жұмыстан шығару кезінде қайда жүгіну керек?

    Жауап

    Жұмыскер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу туралы өтінішпен ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне, сондай-ақ белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес сот органдарына жүгінуге құқылы. Өтініш беру кезінде жұмыстан шығары...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және олардың білімін тексеру тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығымен бекітілген, қолданыстағы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді жүргізу және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзі...

    Сұрақ

    Егер азаматтың соттылығы балалармен жұмыс істеуге байланысты болмаса және сот үкімімен педагог ретінде еңбек қызметіне шектеу қойылмаса, білім беру ұйымы оны жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқылы ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмысқа орналасу кезіндегі қандай да бір шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға немесе мемлекет тарапынан жоғары әлеуметтік және құқықтық қорғауды қажет ететін азаматтарды қорғауға негізделуі тиіс....

    Сұрақ

    Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на жұмысқа орналаса ала ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК) сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа қабылдауға жол берілмейді (ҚР ЕК-нің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы).Сонымен қатар, бұрын сыбайлас жемқо...

    Сұрақ

    Қазақстандық компаниямен еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, бірақ Қазақстан Республикасына келмей қашықтан жұмыс істейтін шетелдік қызметкерге рұқсат алу қажет пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында шетелдіктермен және азаматтығы жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын адамдармен еңбек шартын жасасуға жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін жол берілмейді.Жұмыс берушілерге шетелд...