Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на жұмысқа орналаса ала ма?

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті

    Сұрақ

    Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на жұмысқа орналаса ала ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК) сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа қабылдауға жол берілмейді (ҚР ЕК-нің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы).
    Сонымен қатар, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты азаматтық қызмет лауазымдарына жұмысқа қабылдауға тыйым салынады (ҚР ЕК-нің 139-бабы 4-тармағының 1) тармақшасы).
    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1-бабы 4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам тиісті санаттағы тұлға болып табылады.
    ҚР ЕК-нің 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес азаматтық қызмет – азаматтық қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін орындау жөніндегі, қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуге және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіби қызметі.
    Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ заңнамалық актілерге сәйкес олармен аффилиирленген еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар жатады.
    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 132-бабына сәйкес қазыналық кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорындарға жатады.
    Жоғарыда көрсетілген ҚР ЕК нормаларынан аталған адамдармен еңбек шартын жасасуға тыйым салу олардың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау фактісінің өзіне байланысты туындайтыны көрінеді. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық қылмысының жасалғанына қанша уақыт өткенінің, сондай-ақ адамның рақымшылық жасауға немесе өзге де негіздерге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғанының маңызы жоқ. Осыған байланысты аталған тыйым мерзімсіз (өмір бойы) сипатта болады.
    Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы факт еңбек шартын жасасу кезеңінде анықталады. Бұл ретте ҚР ЕК-нің 32-бабы 3-тармағына сәйкес жұмысқа қабылданатын адам сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі жөніндегі анықтаманы ұсынады.
    Осылайша, жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға, лауазымына қарамастан, жұмысқа қабылдана алмайды.
    Ал азаматтық қызметке қатысты мұндай адамды жұмысқа қабылдауға тыйым мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға қолданылады, яғни мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарға жұмысқа қабылдауға жол берілмейді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жалақы төлеу мерзімі?

    Жауап

    ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 1-тармағына сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жа...

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жалақыны төлемесе не істеу керек?

    Жауап

    Жұмыскер ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жұмыс беруші туралы мәліметтерді, берешек кезеңін және бұзушылық мән-жайларын көрсете отырып, өтініш жолдауы қажет. Сондай-ақ, еңбек қатынастарын растайтын қолда бар құжаттарды қоса б...

    Сұрақ

    Еңбек шартын жазбаша нысанда жасау міндетті ме?

    Жауап

    Иә. Еңбек қатынастары тиісінше ресімделуі тиіс. Еңбек шартында жұмыстың негізгі шарттары, соның ішінде еңбек функциясы, жұмыс орны, шарттың мерзімі, жұмыстың басталу күні және заңнамада көзделген басқа да шарттар айқындалады. Еңбек шарты туралы мәліметтер сондай-ақ белгіленген тә...

    Сұрақ

    Заңсыз жұмыстан шығару кезінде қайда жүгіну керек?

    Жауап

    Жұмыскер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу туралы өтінішпен ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне, сондай-ақ белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес сот органдарына жүгінуге құқылы. Өтініш беру кезінде жұмыстан шығары...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және олардың білімін тексеру тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығымен бекітілген, қолданыстағы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді жүргізу және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзі...

    Сұрақ

    Егер азаматтың соттылығы балалармен жұмыс істеуге байланысты болмаса және сот үкімімен педагог ретінде еңбек қызметіне шектеу қойылмаса, білім беру ұйымы оны жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқылы ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмысқа орналасу кезіндегі қандай да бір шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға немесе мемлекет тарапынан жоғары әлеуметтік және құқықтық қорғауды қажет ететін азаматтарды қорғауға негізделуі тиіс....

    Сұрақ

    Жұмысқа қабылданғанына 4 ай ғана болған қызметкерге жұмыс беруші толық еңбек демалысын аванс ретінде бере ала ма?

    Жауап

    ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 22-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жұмыскердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші жұмыскерге мұндай демалысты беруге міндетті.Аталған құқықтар мен мінде...

    Сұрақ

    Қазақстандық компаниямен еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, бірақ Қазақстан Республикасына келмей қашықтан жұмыс істейтін шетелдік қызметкерге рұқсат алу қажет пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында шетелдіктермен және азаматтығы жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын адамдармен еңбек шартын жасасуға жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін жол берілмейді.Жұмыс берушілерге шетелд...