Қысқа жауап:
«Орталық Азия +» форматы – Орталық Азия мемлекеттері мен шетелдік серіктестер арасындағы саяси, экономикалық және сауда ынтымақтастығын дамытуға арналған диалог алаңы. Қазақстан бұл форматтарға белсенді қатысып, сауданы дамыту, көлік-логистикалық байланыстарды нығайту және өңірлік экономикалық ықпалдастықты ілгерілету бастамаларын қолдайды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі сауда-экономикалық күн тәртібін үйлестіруге, салалық іс-шараларды дайындауға және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге қатысады.
Толық жауап:
«Орталық Азия +» форматтары аясында Орталық Азия мемлекеттері мен шетелдік серіктестер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылады. Атап айтқанда, инвестициялар тарту, көлік-логистикалық бағыттар мен халықаралық дәліздерді дамыту, экономиканы цифрлық трансформациялау, шағын және орта бизнесті қолдау, өзара сауда көлемін ұлғайту, өңірлік өзара байланыстылықты нығайту және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық беріледі. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аталған форматтардың жұмысына белсенді қатысып, жұмыс топтарының отырыстарын, сауда мәселелеріне жауапты мемлекеттік органдар басшыларының кездесулерін ұйымдастыруға, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер үшін өзекті сауда-экономикалық бастамалар мен ортақ мүддеге ие мәселелерді әзірлеуге және ілгерілетуге қатысады.
Мысал:
Қазіргі уақытта ҚР СИМ «Орталық Азия +» форматтары шеңберінде 12 серіктес мемлекетпен сауда-экономикалық мәселелерді пысықтауға қатысуда. Атап айтқанда, «Орталық Азия – Қытай» форматы аясында 2025 жылғы Саммит қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың экономика және сауда министрліктері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Іс-қимыл жоспары, сондай-ақ кедергісіз сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі «Орталық Азия – Қытай» ведомствоаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, кедергісіз сауданы қамтамасыз ету жөніндегі Жұмыс тобы құрылып, оның шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және сауда-экономикалық саладағы жаңа бастамаларды ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілуде.
- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы №54 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
http://10.61.42.188/kaz/docs/Z050000054_
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ереже.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/documents/details/8654?lang=ru
- «Орталық Азия +» форматтары шеңберінде қабылданатын халықаралық құжаттар мен бірлескен мәлімдемелер