Тауар сипаттамаға сәйкес келмеген немесе мүлде жеткізілмеген жағдайда ақшаны қайтару тәртібі қандай?

    ·
    Сұрақ

    Тауар сипаттамаға сәйкес келмеген немесе мүлде жеткізілмеген жағдайда ақшаны қайтару тәртібі қандай?

    Жауап

    Қысқа жауап:
    Егер тауар сипаттамаға сәйкес келмесе немесе мүлде жеткізілмесе, тұтынушы сатушыдан тауарды қайтарып алып, өзі төлеген ақшалай қаражатты қайтаруды талап етуге құқылы. Тауарды қайтарудан негізсіз бас тартылған немесе тұтынушының талап-арызына жауап берілмеген жағдайда, тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

    Толық жауап:
    Тауар үлгі бойынша және (немесе) сипаттама бойынша сатылғанда, сондай-ақ электрондық сауда арқылы өткізілген жағдайда сатушы тұтынушыға үлгіге және (немесе) сипаттамаға сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кемшілігі – бұл тауардың техникалық регламенттердің міндетті талаптарына, стандарттау жөніндегі құжаттарға, шарт талаптарына, сондай-ақ сатушы ұсынған тауар туралы ақпаратқа сәйкес келмеуі. Тауардың кемшіліктері анықталған жағдайда, оның ішінде тауар сипаттамаға сәйкес келмесе, тұтынушы сатушыға тауарды айырбастау немесе қайтару туралы талаппен жазбаша шағым (претензия) жолдауға құқылы. Сондай-ақ тапсырыс белгіленген мерзімде жеткізілмеген жағдайда, тауар үшін төленген ақшалай қаражатты қайтару туралы талаппен жазбаша шағым беріледі. Егер сатушы тұтынушының заңды талаптарын ерікті түрде орындамаса, тұтынушы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жүгінуге құқылы. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган жеткілікті негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған жағдайда кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуге
    бастамашылық жасап, тұтынушы құқықтарының бұзылуын жою туралы нұсқама шығаруға құқылы. Сонымен қатар, тұтынушы өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мысалы, тауар Ozon немесе Wildberries электрондық сауда алаңдары арқылы тапсырыс берілген жағдайда, шағым интернет-дүкеннің жеке кабинеті арқылы беріледі. Сондай-ақ тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға жүгіне алады. Өзара іс-қимыл және ынтымақтастық аясында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті келіп түскен өтініштерді қарау үшін Ozon және Wildberries компанияларының өңірлік өкілдеріне жолдайды.

    КЕЙС:

    Тұтынушы маркетплейс арқылы құны 250 мың теңге болатын тұрмыстық техниканы сатып алып, тауардың толық құнын алдын ала төлеген. Жеке кабинеттегі ақпаратқа сәйкес, тауар 10 күн ішінде жеткізілуі тиіс болған. Алайда көрсетілген мерзім өткеніне қарамастан, тауар тұтынушыға жеткізілмеген. Маркетплейстің қолдау қызметіне жүгінген кезде тұтынушыға жеткізу мерзімінің кейінге қалдырылғаны туралы бірнеше рет хабарланғанымен, тапсырысты алу күні нақты көрсетілмеген. Тауарды ақылға қонымды мерзімде ала алмаған тұтынушы сатушыға төленген ақшалай қаражатты қайтару туралы жазбаша талап жолдаған. Алайда шағымға жауап берілмеген және ақшалай қаражат қайтарылмаған. Осыған байланысты тұтынушы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Ұсынылған құжаттар, атап айтқанда төлемді растайтын құжаттар, сатушымен жазысқан хат-хабарлар және тапсырыс туралы мәліметтер зерделенген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өтініш қарау және мәселені реттеу үшін маркетплейс өкіліне жолданған. Қарау қорытындысы бойынша тұтынушының талаптары негізді деп танылып, тапсырыс жойылған және төленген ақшалай қаражат сатып алушыға толық көлемде қайтарылған.

    https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік орган қандай жағдайларда жеке қабылдауға өтінішті пысықтауға жібере алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер өтініште өтініш беруші Мемлекеттік орган басшылығының жеке қабылдауын сұрайтын мәселенің мәні көрсетілмесеТолық жауап:Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу тиісті нормативтік құқықтық акт (2023 жылғы 15...

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогындағы деректерді өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Қысқа жауап:Иә, тауар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда ақпаратты жаңартуға болады.Толық жауап:Тауардың атауы, сипаттамасы, өлшем бірлігі немесе басқа сәйкестендіру белгілері өзгерген жағдайда Ұлттық тауарлар каталогындағы мәліметтерді өзектендіруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл...

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогында тауарды кім тіркеуі тиіс?

    Жауап

    Қысқа жауап:Тауар туралы мәліметтер болмаған жағдайда оны өндіруші, импорттаушы немесе тауар айналымына қатысушы кәсіпкер тіркей алады.Толық жауап:Егер тауар туралы ақпарат Ұлттық тауарлар каталогында болмаса, тауарды нарыққа шығаратын субъект оның карточкасын тіркеуге өтінім бер...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпарат алу үшін кәсіпкерлер Қазақстанның Экспорттық порталын, «QazTrade» АҚ-ның Telegram-арнасын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығын...

    ·
    Сұрақ

    Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары қандай принциптерде ұсынылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіпкерлік субъектілеріне тең қолжетімділік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Басымдық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, экспортқа бағдарланған компанияларға, сыртқы нарықтарғ...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстандық өндірушіге мемлекет тауарды шетелде ілгерілетуге көмектесуі үшін не қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:Қолдау шараларын алу үшін өндіруші өңделген өнім өндіруі немесе қызметтер экспортын жүзеге асыруы, экспорттық әлеуетке ие болуы, салықтық берешегі болмауы және сыртқы нарықтарға шығуға мүдделі болуы тиіс. Мемлекет экспорттаушыларға консультациялық, сервистік, қаржылық...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық өнімді экспорттау үшін баламалы көліктік-логистикалық маршруттарды дамыту жөніндегі бастамаларды қалай қолдайды?

    Жауап

    Қысқа жауап:Мемлекет көлік-логистикалық және сауда хабтарын құру, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (Орта дәліз) дамыту, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, көлік процестерін цифрландыру және халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы баламалы экспорттық...

    ·
    Сұрақ

    Тауар биржасының клирингтік орталығы дегеніміз не және ол не үшін қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:Клирингтік орталық — бұл биржалық мәмілелер бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы есеп айырысуды қамтамасыз ететін ұйым. Ол ақша мен тауардың тараптарға толық көлемде берілуіне кепілдік береді.Толық жауап:«Тауар биржалары туралы» Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйк...

    ·