Қысқа жауап:
Егер Ozon және Wildberries сияқты маркетплейстер арқылы тауар сатып алу кезінде тұтынушы сапасыз тауар алса, ақшалай қаражатты қайтарудың кешіктірілуіне немесе тауарды қайтару кезінде қиындықтарға тап болса, ол ақшалай қаражатты қайтаруды, тауарды айырбастауды немесе қайтаруды, кемшіліктерді жоюды не тауар бағасын тиісінше төмендетуді талап етуге құқылы. Тұтынушының заңды талаптары қанағаттандырылмаған жағдайда, ол сатушыға жазбаша шағым (претензия) жолдауға, сондай-ақ бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Толық жауап:
Айта кету қажет, электрондық коммерция саласында тұтынушылардың заңдытауардың кемшіліктерін жоюға жұмсаған шығындарын өтеуді;
ұқсас маркалы (модельдегі, артикулдағы) тауарға ауыстыруды;
сатып алу бағасын тиісті түрде қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельдегі, артикулдағы) сондай тауарға ауыстыруды;
шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы. Тауардың кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушы электрондық сауда алаңының сайтында сатушыға тиісті талаптарын қоюға құқылы. Егер сатушы тұтынушының заңды талаптарын ерікті түрде орындамаса, тұтынушы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жүгінуге құқылы. Сондай-ақ тұтынушы өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
КЕЙС:
Тұтынушы маркетплейс арқылы асүй комбайнын сатып алған. Тауарды алғаннан кейін құрылғының қосылмайтыны анықталған. Сатып алушы маркетплейстегі жеке кабинеті арқылы тауарды қайтаруға өтінім беріп, тауардың ақаулы екенін растайтын фото және бейнематериалдарды қоса тіркеген. Өтініш қаралғаннан кейін тауардағы кемшілік расталып, маркетплейс тауарды қайтару туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде тұтынушыға төленген ақшалай қаражат толық көлемде қайтарылып, сапасыз тауарды сатып алушы ретінде оның құқықтары қалпына келтірілген.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z030000474_