Қысқа жауап:
Егер маркетплейс арқылы сатып алынған тиісті сападағы азық-түлік емес тауар пішіні, өлшемі, фасоны, түсі, жиынтықталуы немесе өзге де сипаттамалары бойынша сәйкес келмесе, тұтынушы заңнамада белгіленген мерзімде оны келесі шарттар сақталған жағдайда айырбастауға немесе қайтаруға құқылы: тауар пайдаланылмаған болуы, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары мен жапсырмалары сақталуы, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттың болуы.
Толық жауап:
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес, сатып алушы азық-түлік емес тауарды алған сәттен бастап он төрт күн ішінде (егер сатушы (дайындаушы) ұзақ мерзімді жарияламаған болса) сатып алынған тауарды сатып алынған жерінде немесе сатушы (дайындаушы) белгілеген өзге де орындарда сол сияқты тауарға басқа өлшемдегі, пішіндегі, көлемдегі, фасонындағы, түсіндегі, жиынтықталуындағы және т.б. ұқсас тауарға айырбастауға немесе тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға ауыстыруға құқылы, , тиісті сападағы тауарды қайтарудан немесе айырбастаудан бас тартуға құқылы.бұл ретте баға айырмасы болған жағдайда сатушымен тиісті қайта есеп айырысу жүргізіледі. Айырбастауға қажетті тауар сатушыда (дайындаушыда) болмаған жағдайда, сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтарып, ол үшін төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы. Сатушы (дайындаушы) азық-түлік емес тауарды он төрт күнтізбелік күн ішінде, егер шартта ұзақ мерзім көзделмесе, сатылған күннен бастап, егер тауар пайдаланылмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, жапсырмалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталған жағдайда, айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл талаптар келесі тауарларға қолданылмайды:
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар;
- іш киімдер;
- шұлық-тоқыма бұйымдары;
- жануарлар мен өсімдіктер;
- метраждық тауарлар, атап айтқанда барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталар, трикотаж және перде маталары, жасанды мех, кілем бұйымдары, тоқыма емес материалдар, таспалар, шілтер, баулар, сымдар, кабельдер, линолеум, багет, пленка, клеенка;
- ұялы байланыс абоненттік құрылғылары.
Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен берілмеген жағдайда да, егер тұтынушы аталған сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуі тиіс.
КЕЙС:
Тұтынушы маркетплейс арқылы кеңсе креслосын сатып алған. Жеткізілгеннен кейін креслоның өлшемі сәйкес келмейтіні және сатып алушының ыңғайлылық талаптарына сай еместігі анықталған. Тауар пайдаланылмаған, оның тауарлық түрі, қаптамасы, жапсырмалары мен жиынтық бөлшектері сақталған. Сатып алғаннан кейін бірнеше күн өткен соң тұтынушы маркетплейс арқылы сатушыға жүгініп, тауарды басқа өлшемдегі ұқсас модельге ауыстыруды сұраған. Қажетті тауар сатушыда болмағандықтан, тұтынушы төленген ақшалай қаражатты қайтаруды талап еткен. Алғашында сатушы қағаз түріндегі кассалық чектің жоқтығына сілтеме жасап, қайтарудан бас тартқан. Алайда сатып алушы электрондық чек пен маркетплейстегі жеке кабинеттен алынған тапсырыс туралы мәліметтерді ұсынып, сатып алу фактісін растаған. Нәтижесінде тұтынушының талабы қанағаттандырылып, тауар кері қабылданған және төленген ақшалай қаражат толық көлемде қайтарылған. Бұл ретте сатушы тауар пайдаланылған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері жоғалса, пломбалары немесе жапсырмалары болмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айырбастауға жәнеқайтаруға жатпайтын тауар санатына кірсе
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z030000474_