Қысқа жауап:
Жоқ, еттің жекелеген түрлерінің импортына лицензиялар әрбір жаңа өнім беруші үшін жылдық тарифтік квотаның жалпы көлемінің он бес пайызынан аспайтын мөлшерге беріледі (біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады, яғни лицензияның қолданылу мерзімі берілген күннен бастап белгіленеді және лицензия берілген күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін тоқтатылады).
Толық жауап:
«Тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға және (немесе) экспорттауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша тарифтік квоталардың көлемдерін бөлу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларына(бұдан әрі – № 30 қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
№ 30 қағидалардың 6-тармағына сәйкес өзге де құс етіне тарифтік квоталардың жылдық көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың санаттары арасында бөлу төмендегідей айқындалады:
тарихи өнiм берушiлерге – 90 %;
жаңа өнім берушілерге – 10 %.
Қазіргі уақытта сіз жаңа өнім беруші болып табыласыз, себебі № 30 қағидалардың 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тарихи өнім берушілерге арналған критерийге, атап айтқанда, тауарды өткен кезеңде және (немесе) тарифтік квота қолданылатын жылдың алдындағы жыл ішінде әкелу қажеттілігі туралы талапқа сәйкес келмейсіз
Еттің жекелеген түрлерін импорттауға лицензиялар тарифтік квота қолданылатын жылдың бірінші наурызынан бастап, жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квотаның көлемдері таусылғанға дейін кезектілік тәртібімен, жаңа өнім берушілер үшін айқындалған жылдық тарифтік квотаның жалпы көлемінен әрбір жаңа өнім беруші үшін он бес пайыздан аспайтын мөлшерде, жеке және заңды тұлғаның өтінішінде көрсетілген санға беріледі(№ 30 қағидалардың 17-тармағы).
Жылдық тарифтік квоталардың жалпы көлемі Еуразиялық экономикалық комиссияның ағымдағы жылға арналған шешіміне сәйкес айқындалады және Еуразиялық экономикалық комиссияның интернет-ресурсында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі арқылы ашық қолжетімділікте, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің және Сауда комитетінің ресми интернет-ресурстарында «Құжаттар» бөлімінде жарияланатын ай сайынғы анықтамалықта танысу үшін қолжетімді
Үшінші елдермен саудадағы тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына(Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімі)сәйкес біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады, яғни лицензияның қолданылу мерзімі берілген күннен бастап белгіленеді және лицензия берілген күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін тоқтатылады.
Мысалы:Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 7 қазандағы № 89 шешіміне сәйкес 2026 жылға арналған тарифтік квоталардың әкелуге арналған көлемі:
құстың аяқтары – 128 000 тонна, оның ішінде жаңа өнім берушілер үшін – 12 800 тонна(бір жаңа өнім беруші үшін құс етінің (сирақтардың) тарифтік квоталар көлемі
1 920,00 тоннадан аспайды);
өзге де құс еті – 12 000 тонна, оның ішінде жаңа өнім берушілер үшін – 1 200 тонна(бір жаңа өнім беруші үшін өзге де құс етінің тарифтік квоталар көлемі 180,00 тоннадан аспайды).
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 5000,00 тонна көлеміне лицензия беру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығы.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010181
Үшінші елдермен саудадағы тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімі
https://adilet.zan.kz/rus/docs/H23EV000125