Қысқа жауап:
Өңірлік Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіну үшін тұтынушы «Е-Otinish» платформасын пайдалана алады. Бұл ретте фискалдық чектің және баға белгісінің фотосуреттерін, сауда объектісінің нақты мекенжайы мен атауын, сондай-ақ тауардың атауын қоса алғанда, растаушы материалдардың толық пакетін ұсыну қажет. Бұл мәліметтер құқық бұзушылықтарды тіркеу тәртібін регламенттейтін заңнама нормаларын сақтау үшін талап етіледі.
Толық жауап:
Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің193-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тауарды баға белгісінде теңгемен бағасын көрсетпей өткізгені, сондай-ақ тауарды сауда объектісінің витринасында көрсетілгеннен жоғары құн бойынша сатқаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген. Бұл құқық бұзушылық шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан РеспубликасыКәсіпкерлік кодексінің 144-бабына сәйкес, бақылау объектілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізуге азаматтардың дәлелді негіздері мен растаушы айғақтары бар ресми өтініштері негіз болады. Сол сияқты,Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің802-бабының 2-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы әкімшілік іс қозғау үшін заңды негіз болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген нормалардың негізінде, тексеруді бастау және бизнес субъектісін жауаптылыққа тарту үшін өтініш беруші растаушы материалдарды, соның ішінде фискалдық чекті, сондай-ақ бұзушылықтардың объективті фото- және видеоайғақтарын ұсынуы қажет.
Мысалы:
1-қадам. Авторизациялау
Тұтынушы eOtinish.kz порталына (немесе eGov Mobile қосымшасына) кіріп, ЭЦҚ немесе СМС-пароль арқылы авторизациядан өтеді.
2-қадам. Мемлекеттік органды және құжат түрін таңдау
«Мемлекеттік орган» өрісінде аумақтық бөлімше таңдалады, мысалы: «Қарағанды облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті». Құжат түрі — «Өтініш».
3-қадам. Мәтінді толтыру (Мысал)
«Мазмұны» бағанында тұтынушы былай деп жазады:
«2026 жылғы 2 маусымда «Ажар» дүкенінде (Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 45) тауарды витринада көрсетілгеннен жоғары бағамен сату фактісі тіркелді. «Родное» сүтінің (майлылығы 3,2%) баға белгісінде құны 380 теңге деп көрсетілген, алайда кассада тауарды 470 теңге бағасымен өткізді. ҚазақстанРеспубликасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 193-бабы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізуіңізді сұраймын».
4-қадам. Файлдарды тіркеу
«Файлдарды тіркеу» бағанында тұтынушы дәлелдемелерді: сауда залындағы баға белгісінің photo-суретін және алынған фискалдық чекті міндетті түрде жүктейді.
5-қадам. Қкол қою
Тұтынушы ЭЦҚ көмегімен «Қол қою және жіберу» батырмасын басады. Өтінішке жеке кабинетте қадағалау үшін тіркеу нөмірі беріледі.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекс
http://10.61.42.188/rus/docs/K1400000235