Қысқа жауап:
Осы мемлекеттік қызмет шеңберінде лицензия беруден бас тарту үшін толық емес мәліметтерді ұсыну, белгіленген талаптарға сәйкес келмеу, қажетті құжаттардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, халықаралық міндеттемелерді бұзу, квотаның болмауы немесе оның таусылуы, лицензиялық алымның төленбеуі, сондай-ақ дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы және т.б. болып табылады.
Толық жауап:
Тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға және (немесе) экспорттауға лицензия беруде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарда мәліметтердің толық емес немесе анық емес болуы;
2) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;
3) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
4) іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның бітуі не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);
6) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгізілмеуі;
7) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Мысалы: егер өтінішті қарау сәтінде тауарды әкелуге арналған квота таусылып қалған болса, өтініш берушіге «тасымалданатын тауардың санына белгіленген лимиттен асып кетті. пайдаланылғаны: 0, қолжетімдісі: 0.00000.» деген дәлелді бас тарту жолданады.
Тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға және (немесе) экспорттауға лицензия беруден бас тартылуы мүмкін барлық жағдайлар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығымен бекітілген Саудақызметі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының 7-тармағында жазылған.
Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығы
http://10.61.42.188/rus/docs/V2000020135
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттарберу қағидалары
http://10.61.42.188/rus/docs/H23EV000125#z110
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңы
http://10.61.42.188/kaz/docs/Z1300000094