Көтерме сауда нарығына көшкен кезде тұтынушыға түпкілікті тарифті қалыптастыру мәселесі бойынша түсініктеме беруіңізді сұраймыз?
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы («Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС) электронды алаңдағы орталықтандырылған сауда арқылы электр энергиясын отандық электр станцияларынан бір күн бұрын жоспарлы сатып алуды жүзеге асырады. Сауда-саттық алдағы күннің әрбір сағаты үшін әр сағатқа бөлек тарифтер қалыптастыра отырып жүргізіледі. Өз кезегінде, Бірыңғай сатып алушы электр энергиясын көтерме тұтынушыларға орташа өлшенген сағаттық бағамен сатады.
Бірыңғай сатып алушы тарифі ашық және барлық тұтынушыларға, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындарға да қолданылады. Сонымен қатар, тұрақты бірыңғай бағаны сақтау мүмкін емес, өйткені ол күн сайын нақты көрсеткіштер негізінде қалыптасады және көптеген факторларға, соның ішінде тұтынушылардың өздерінің тұтыну көлемі мен сипатына байланысты.