«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 8-тармағына сәйкес, жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізу үшін тиісті заңды тұлға:
1) Заңның 13-бабының 7-2-тармағына сәйкес жүйелік оператормен ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасасу;
2) Заңның 13-бабының 7-1-тармағына сәйкес жүйелік оператормен электр энергиясын ұлттық электр желісі арқылы беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасасу;
3) қажет болған жағдайда энергия берушi ұйымдармен электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсетуге шарт жасасуға;
4) жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасасу;
5) жүйелік оператормен (генерациялаушы қондырғылар болған жағдайда, сондай-ақ импорттау кезінде) электр энергиясын өндіру мен тұтынуды техникалық жөнелту жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасасуға міндетті.
Заңның 12-бабының 9-тармағына сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері мыналарды төлеуге міндетті:
- энергия тасымалдаушы ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметтері;
- тиісті шарттарда белгіленген тарифтер бойынша тиісті коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік ай) нақты тұтынылған электр энергиясының көлемдеріне негізделген ұлттық электр желісін пайдалану және электр энергиясын ұлттық электр желісі арқылы беру қызметтері.