Жер қойнауын пайдаланушы есептерді ұсыну кезінде отандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген бензин мен дизель отыны үшін 99% мөлшерінде ішкі құн үлесін көрсетуге құқығы бар ма (сәйкестік сертификаты, осы тауарлардың сапа паспорты болған жағдайда)?
Ел ішіндегі құн үлесін көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 2060 бұйрығымен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесінің (бұдан әрі – Бірыңғай әдістеме) 9-тармағымен реттеледі.
Mi индикаторы (өнімдегі ел ішіндегі құнның үлесі) қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде қамтылған деректер негізінде анықталады.
Осылайша, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, сондай-ақ ел ішіндегі құнның көлемдері туралы Есепті қалыптастыру кезінде тауарлар бойынша ел ішіндегі құнның үлесі қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің мәліметтері негізінде көрсетілуге жатады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінде тиісті ақпарат болмаған жағдайда ел ішіндегі құнның үлесін 99% мөлшерінде көрсетуге жол берілмейді.