Алматыда Өзбекстан – Қазақстан бизнес-форумы өтеді

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ФорумАяқталды

    2026 жылы 26 қарашада Алматыда «Өзбекстан – Қазақстан: өнеркәсіптік кооперация, сауда және жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» атты бизнес-форум өтеді.

    Іс-шараны Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырады.

    Форумға екі елдің мемлекеттік органдарының, іскер топтары мен кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері қатысады.

    Іс-шара аясында салалық ұйым басшылары сөз сөйлеп, инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуетті таныстырады, G2B және B2B форматтарында екіжақты келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.

    Өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, өзара сауда көлемін ұлғайтуға, инвестиция тартуға және тікелей іскерлік байланыс орнатуға баса назар аударылады.

    Түстен кейін девелопмент және туризм, мал шаруашылығы, HoReCa, сауда және өнеркәсіп сынды бес бағыт бойынша тақырыптық кездесулер өткізу мен кәсіпорындарға бару көзделген.

    Өтетін орны: Rixos Almaty қонақ үйі, Premium Ballroom залы.

    Күні: 26 қараша 2026 жыл.

    Басталуы: сағат 10:00 (қатысушыларды тіркеу сағат 09:30-да басталады).

    Аккредиттеуден өту үшін байланыс деректері: +7 (708) 323 0757 – Мұхамедов Умид Рашидұлы.

    Ұқсас материалдар

    ФорумЖақында

    Алматыда техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жөніндегі республикалық форум өтеді

    3 желтоқсанда Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Халықаралық тағылымдамалар – техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту ресурсы» атты республикалық форумның ашылуы өтеді.Форум еліміздің өңірлерінен 200-ге жуық қатысушының басын қосады. Олардың қатарында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, коллед...

    3 желтоқсан 2026 ж.Тікелей
    Алматы телекоммуникациялар және машина жасау колледжі (Түрксіб ауданы, Заветная көшесі, 41).Алматы қаласының әкімдігі
    Іс - шараАяқталды

    Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

    ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Алматыда дарынды, бастамашыл және креативті жастарды қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Байқау Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен...

    24 қараша 2026 ж.Тікелей
    Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, 3-қабат, акт залыАлматы қаласының әкімдігі
    КездесуАяқталды

    Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдық мерейтойына арналған ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалінің жабылу салтанаты өтеді

    Алматыда 15-20 қараша аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған ALMATY THEATRE FEST республикалық театр фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алатау» театры және Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр. Алты күн бойы еліміздің әр өң...

    19 қараша 2026 ж.Тікелей
    театр традиционного искусства АлатауАлматы қаласының әкімдігі
    ЧемпионатАяқталды

    Алматыда таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

    2026 жылы 4-6 қараша аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ересектер арасында таеквондодан (WT) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншілігіне Қазақстанның барлық өңірінен 500 спортшы қатысады. Үш күн бойы спортшылар салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атағы үшін бақ сынайды....

    4 қараша 2026 ж.Тікелей
    Шығармашылық кешАяқталды

    «Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

    4 қараша күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстанның халық артисі, театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған «Қазақтың Қыз Жібегі» атты шығармашылық кеш өтеді. Меруерт Өтекешова – қазақ сахна өнерінің жарқын өкілі, қайталанбас талантымен көрермен жүрегінен орын алға...

    4 қараша 2026 ж.Тікелей
    Салтанатты кешАяқталды

    Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов Алматыға оралады

    2 қараша күні сағат 13:00-де Астанада өткен күрестен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған алматылық балуан Нұрқожа Қайпанов Алматы халықаралық әуежайына ұшып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін спортшыны салтанатты түрде қарсы алу рәсімін ақпараттық тұрғыдан жариялауға шақырамыз. Күні: 2 қараша 2026...

    2 қараша 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    Алматыда музыкалық және креативті индустрияға арналған Almaty Studios студиясы ашылады

    28 қазанда Алматыда Almaty Studios музыкалық кеңістігінің ашылу салтанаты өтеді. Жоба қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаның бастамашысы – музыкант, композитор, A’STUDIO тобының жетекшісі Байғали Серкебаев. Аумағы 521,7 шаршы метр болатын студияда дыбыс жазу студиясы, репетиция залы, оқу сыныптары, түсірі...

    28 қазан 2026 ж.Тікелей
    Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 412Б.Алматы қаласының әкімдігі
    ФестивальАяқталды

    Алматыда Республика күніне орай Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары өтеді

    Республика күні қарсаңында Алматыда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді. Акциялар аясында сатып алушыларға түрлі тауарлар жеңілдетілген бағамен ұсынылады. Акциялар 2026 жылы 17 қазанда басталып, 27 қазанға дейін жалғасады. Мерекелік жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстардың ең ауқымды кезеңі 21–27 қ...

    17 қазан 2026 ж. – 27 қазан 2026 ж.Тікелей