ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Алматыда дарынды, бастамашыл және креативті жастарды қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Байқау Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен дарынды жастарды қолдау және ілгерілетуге бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында өткізілді.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы – жастардың әлеуетін ашуға, тың идеялар мен әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық, зияткерлік және кәсіби әлеуетін дамыту, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау және ел дамуына бағытталған бастамаларын қолдау.
Биыл жоба аясында ғылым, мәдениет, еріктілік, IT, бизнес және медиа бағыттары бойынша 13 грант қарастырылған. Гранттық қолдаудың жалпы көлемі 13 миллион теңге.
Грант иегерлері ұсынылған жобалардың өзектілігі, жаңашылдығы, іске асырылу мүмкіндігі және қоғамдық маңыздылығы негізінде анықталды. Жеңімпаздарға жобасын жүзеге асыру үшін грант сертификаттары табысталады.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл бастама – идеясы мен жасампаз еңбегі арқылы қоғам дамуына үлес қосуға ұмтылған жастарды қолдаудың маңызды шарасы. Жоба бастамашыл жастарға жаңа мүмкіндік ашып, әлеуетін ел игілігі жолында жүзеге асыруына ықпал етеді.
БАҚ өкілдерін марапаттау рәсіміне қатысып, іс-шараны ақпараттық тұрғыдан жариялауға шақырамыз!
Іс-шара туралы ақпарат:
* Күні: 24.11.2026
* Уақыты: 15:30
* Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, 3-қабат, акт залы
* Байланыс нөмірі: Сабыржан Әли, +7 778 327 9507
* Мекенжай: https://2gis.kz/almaty/geo/9429940001359005/76.930398,43.258495?inv_by=66336093aa374951a862e3170d4b15e6&inv_ts=1795425947