2 қараша күні сағат 13:00-де Астанада өткен күрестен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған алматылық балуан Нұрқожа Қайпанов Алматы халықаралық әуежайына ұшып келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін спортшыны салтанатты түрде қарсы алу рәсімін ақпараттық тұрғыдан жариялауға шақырамыз.
Күні: 2 қараша 2026 жыл
Келу уақыты: 13:00.
Орны: Алматы халықаралық әуежайы, ішкі рейстер терминалы.
Аккредиттеу бойынша байланыс телефоны: 8 777 115 33 55 – Әсел Ахметбекова.