
Алматыда 30 қыркүйекте №9 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері аты аңызға айналған қытайлық гимнаст, үш дүркін Олимпиада чемпионы және LI-NING халықаралық спорт брендінің негізін қалаушы Ли Нинмен кездеседі.
Ли Нин – Қытай спорты тарихындағы ең танымал тұлғалардың бірі. 1982 жылы спорттық гимнастикадан өткен Әлем кубогында ол алты алтын медаль жеңіп алып, содан кейін «Гимнастика ханзадасы» деген лақап атқа ие болды. 1984 жылы Лос-Анджелесте өткен Олимпиада ойындарында спортшы бірден алты жүлде – үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Сапар аясында даңқты спортшы мектептің жас гимнасттары және жаттықтырушыларымен кездесіп, өзінің спорттық тәжірибесімен бөліседі. Сондай-ақ үлкен спорттағы жолы, ірі халықаралық жарыстарға дайындық және жоғары нәтижелерге қол жеткізудегі тәртіп пен мотивацияның рөлі туралы әңгімелейді.
Күні: 2026 жыл 30 қыркүйек
Өтетін орны: №9 ОРМБЖМ, Алматы қ., 1-шағынаудан, 20а
Уақыты: 10:30
Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.
БАҚ аккредитациясы: +7 777 115 33 55, Әсел Ахметбекова