Алматыда Green Spaces Expo 2026 халықаралық конференциясы мен көрмесі өтеді

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Алматыда Green Spaces Expo 2026 халықаралық конференциясы мен көрмесі өтеді
    КонференцияАяқталды


    Алматыда 23-24 қыркүйекте Орталық Азия өсімдік тәлімбақтары қауымдастығының IV халықаралық конференциясы және Green Spaces Expo 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Іс-шара көгалдандыру, көркейту және өсімдік тәлімбақтары саласының 15-тен астам елден келетін мамандарын біріктіреді.

    Бір алаңда мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің өкілдері, сала сарапшылары, ландшафт сәулетшілері, жобалаушылар, өсімдік тәлімбақтарының өкілдері, өндірушілер мен жеткізушілер бас қосады. Бағдарлама аясында жасыл индустрияны дамыту, қалаларды көгалдандыру сапасын арттыру, отырғызу материалдарын таңдау және күтіп-баптау, қоғамдық кеңістіктерді көркейту, сондай-ақ заманауи технология қолдану мәселелері талқыланады.

    Көрмеге 80-нен астам экспонент қатысады, ал іскерлік бағдарлама аясында 30-дан астам спикер сөз сөйлейді. Көрмеге 2 мыңнан астам адам келеді деп болжанып отыр.

    Орны: «Бақшасарай» қабылдау үйі, «Атакент» ҚІЫО, Тимирязев көшесі, 42, 1-корпус.
    Күні: 23-24 қыркүйек.
    Көрменің басталуы: 23 қыркүйек, сағат 09:00.
    Салтанатты ашылуы: 23 қыркүйек, сағат 11:00.

    БАҚ өкілдері үшін аккредиттеу, спикерлермен және ұйымдастырушылармен сұхбат өткізу, сондай-ақ іс-шара алаңында фото және бейнетүсірілім жасау мүмкіндігі қарастырылған.

    БАҚ өкілдерін аккредиттеу:
    Александр Тайматов, Орталық Азия өсімдіктер тәлімбағы қауымдастығының (ОАӨТҚ) директоры
    +7 (771) 713 88 34
    [email protected]

    Абаттандыру

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Әлемдік гимнастика аңызы Алматының жас спортшыларымен кездеседі

    Алматыда 30 қыркүйекте №9 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері аты аңызға айналған қытайлық гимнаст, үш дүркін Олимпиада чемпионы және LI-NING халықаралық спорт брендінің негізін қалаушы Ли Нинмен кездеседі. Ли Нин – Қытай спорты тарихындағы ең танымал тұлғалардың бірі...

    30 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    30 қыркүйекте Алматыда Almaty Tourism Bureau мен Rakuten Sports арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

    Меморандум спорттық және оқиғалы туризмді дамытуға, сондай-ақ Алматыға халықаралық спорттық іс-шараларды тартуға бағытталған бірлескен жұмысты көздейді. Rakuten Sports жапондық Rakuten Group құрамына кіреді және халықаралық спорттық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесіне ие. Компания «Виссел Кобе» футбол клубы мен Rakuten...

    30 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 26-27 қыркүйек күндері гик-мәдениет, кино, гейминг, косплей және комикстерге арналған ауқымды халықаралық AGGE FESTIVAL 2026 фестивалі өтеді.

    Фестиваль поп-мәдениет жанкүйерлерін, блогерлерді, киберспортшыларды және шетелдік қонақтарды бір алаңға жинайды. Бағдарламада жүлде қоры бар косплей байқауы, арнайы шақырылған қонақтармен кездесулер, кино премьераларының таныстырылымдары, киберспорт турнирлері, ойын және VR-аймақтар, үстел ойындары мен авторлар жәрмең...

    26 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ТурнирАяқталды

    Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтеді

    Алматыда 25 қыркүйекте ерекше қажеттілігі бар спортшылар мен шахмат әуесқойларын біріктіретін Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтеді. Турнирге есту және көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты зақымданған шахматшылар қатысады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 млн теңге. Сайыс FIDE рейт...

    25 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазіргі бессайыстан Азия ойындарының жүлдегерлері Алматыға оралады

    Бүгін, 21 қыркүйекте, Алматыда XX жазғы Азия ойындарының қазіргі бессайыстан жүлдегерлері – Темірлан Әбдірайымов пен Лев Чувашевті қарсы алу рәсімі өтеді. Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алматылық спортшылар Қазақстан құрамасы сапында ерлер арасындағы командалық есепте қола жүлдеге ие болды. Олар Валери...

    21 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    Алматыда аралас жекпе-жектен турнир өтеді

    Алматы әкімдігінің қолдауымен 19 қыркүйекте Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында NAIZA 85 аралас жекпе-жек турнирі өтеді. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты. Турнирдің басты жекпе-жектерінің бірі аса жеңіл салмақта Болат Заманбеков пен Еламан Саясатов арасындағы чемпиондық реванш болмақ. Олардың NAI...

    19 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ЖарысАяқталды

    Алматыда бокстан қала чемпионаты өтеді

    Алматыда 6–14 қыркүйек аралығында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында бокстан қала чемпионаты өтеді. Жарысқа Алматыдағы спорт мектептері мен клубтардың тәрбиеленушілері қатысады. Чемпионат қорытындысы бойынша тиісті жас санаттарында қаланың құрама командасына кіретін үздік спортшылар анықталады. 2011–2012 жыл...

    6 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Алматы қаласы, Ақсай-1 шағынауданы, 10-үй, Жоғары спорт шеберлігі мектебі.Алматы қаласының әкімдігі
    ХабарландыруАяқталды

    12 қыркүйекте Алматыда STEPPE Fair 2026 өтеді

    12 қыркүйекте OTZALT алаңында Қазақстан мен Орталық Азияның бизнес, технология, медиа, мәдениет және креативті индустрия өкілдерін біріктіретін STEPPE Fair 2026 қалалық іс-шарасы өтеді. Шараны STEPPE лайфстайл-медиасы ұйымдастырады. Биылғы тақырып – Matchmaking. Іс-шара жаңа кәсіби байланыстар орнатып, түрлі салалардағ...

    8 қыркүйек 2026 ж.Тікелей