Алматыда музыкалық және креативті индустрияға арналған Almaty Studios студиясы ашылады

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Орны
    Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 412Б.
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    28 қазанда Алматыда Almaty Studios музыкалық кеңістігінің ашылу салтанаты өтеді. Жоба қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаның бастамашысы – музыкант, композитор, A’STUDIO тобының жетекшісі Байғали Серкебаев.

    Аумағы 521,7 шаршы метр болатын студияда дыбыс жазу студиясы, репетиция залы, оқу сыныптары, түсірілім павильоны және 50 көрерменге арналған концерт залы бар. Мұнда музыка үйренуге, ән жазуға, репетиция жасауға, бейнетүсірілім жүргізуге және концерт өткізуге жағдай жасалған.

    Іс-шара бағдарламасы:

    * қызыл лентаны қию рәсімі;
    * студияны аралап көру;
    * құттықтау сөз;
    * БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беру.

    Күні: 2026 жылғы 28 қазан
    Іс-шараның басталуы: 18:30
    Мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 412Б.

    Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін:
    Мария, 8 707 333 3096

    Ұқсас материалдар

    Салтанатты кешАяқталды

    Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов Алматыға оралады

    2 қараша күні сағат 13:00-де Астанада өткен күрестен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған алматылық балуан Нұрқожа Қайпанов Алматы халықаралық әуежайына ұшып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін спортшыны салтанатты түрде қарсы алу рәсімін ақпараттық тұрғыдан жариялауға шақырамыз. Күні: 2 қараша 2026...

    2 қараша 2026 ж.Тікелей
    ФестивальАяқталды

    Алматыда Республика күніне орай Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары өтеді

    Республика күні қарсаңында Алматыда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді. Акциялар аясында сатып алушыларға түрлі тауарлар жеңілдетілген бағамен ұсынылады. Акциялар 2026 жылы 17 қазанда басталып, 27 қазанға дейін жалғасады. Мерекелік жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстардың ең ауқымды кезеңі 21–27 қ...

    17 қазан 2026 ж. – 27 қазан 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Алматыда 18 қазанда Рухани келісім күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Іс-шараға қаладағы діни бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысады.

    Концертті «Social Development Center» қоғамдық қоры Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының қызметі аясында ұйымдастырады.Іс-шараның мақсаты – конфессияаралық келісімді нығайту, түрлі дін өкілдері арасындағы ашық диалог пен өзара құрмет мәдениет...

    18 қазан 2026 ж.Тікелей
    ЧемпионатАяқталды

    Алматыда садақ атудан Қазақстан кубогінің финалдық кезеңі өтеді

    Алматыда 11-14 қазан аралығында садақ атудан Қазақстан Республикасы кубогінің IV, қорытынды кезеңі – QAZAQSTAN ARCHERY CUP FINAL 2026 өтеді. Жарыс «АДК» стадионындағы спорттық-жаттығу кешенінде ұйымдастырылады. Төрт күн бойы спортшылар ел кубогінің қорытынды кезеңінің жүлделері үшін бақ сынайды. 11 қазанда жарыстың рес...

    8 қазан 2026 ж.Тікелей
    ЧемпионатАяқталды

    Алматыда Азия ойындарының чемпионы Тамирлан Тілеулесті қарсы алады

    Бүгін, 5 қазанда Алматыға XX жазғы Азия ойындарында таеквондодан тарихи алтын медаль жеңіп алған алматылық спортшы Тамирлан Тілеулес оралады. Онымен бірге таеквондодан қола жүлдегер Батырхан Төлеуғали, виртуалды таеквондодан қола жүлдегер Рита Бакишева, еркін күрестен қола жүлдегер Нұрқожа Қайпанов, сондай-ақ күміс мед...

    5 қазан 2026 ж.Тікелей
    Еске алу кешіАяқталды

    2026 жылы 6 қазанда сағат 16:00-де Алматы әкімдігінің қолдауымен қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі, әнші, композитор әрі актер Манарбек Ержановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АҢЫЗЫ» атты мерейтойлық кеш өтеді.

    Іс-шараның мақсаты – Манарбек Ержановтың шығармашылық мұрасын насихаттау, өнерін кеңінен таныту және дәстүрлі ән өнеріндегі сабақтастықты сақтау. Мерейтойлық кеш аясында дәстүрлі ән өнерінің белгілі орындаушылары қатысатын концерттік бағдарлама ұсынылады. Кеште Манарбек Ержановтың репертуарындағы әндермен қатар, қазақ...

    5 қазан 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Әлемдік гимнастика аңызы Алматының жас спортшыларымен кездеседі

    Алматыда 30 қыркүйекте №9 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері аты аңызға айналған қытайлық гимнаст, үш дүркін Олимпиада чемпионы және LI-NING халықаралық спорт брендінің негізін қалаушы Ли Нинмен кездеседі. Ли Нин – Қытай спорты тарихындағы ең танымал тұлғалардың бірі...

    30 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    30 қыркүйекте Алматыда Almaty Tourism Bureau мен Rakuten Sports арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

    Меморандум спорттық және оқиғалы туризмді дамытуға, сондай-ақ Алматыға халықаралық спорттық іс-шараларды тартуға бағытталған бірлескен жұмысты көздейді. Rakuten Sports жапондық Rakuten Group құрамына кіреді және халықаралық спорттық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесіне ие. Компания «Виссел Кобе» футбол клубы мен Rakuten...

    30 қыркүйек 2026 ж.Тікелей