Мүгедектігі бар адамдарды ортопедиялық аяқ киіммен қамтамасыз ету.

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мүгедектігі бар адамдарды ортопедиялық аяқ киіммен қамтамасыз ету.
    ЖаңалықтарАяқталды

    «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету» туралы ақпаратты таныстырып өтемін (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығынан).

    Ортопедиялық аяқ киім – бұл науқас адамда табан деформациясы, ақаулары және функционалдық бұзылыстар болған жағдайда арнайы үлгіде және конструкцияда табан функцияларының орнын толтыру мақсатында дайындалатын аяқ киім.

    Ортопедиялық аяқ киімді киюге ұсынысты дәрігер-ортопед немесе травматолог береді.

    Қызмет алушылар күрделі немесе күрделілігі төмен ортопедиялық аяқ киіммен жылына 1 рет қамтамасыз етіледі.

    Күрделі ортопедиялық аяқ киім, оның ішінде етікше келесі жағдайларда дайындалады: аяқтың қысқаруы 3 см және одан да көп болған жағдайда, эквиноварустық, вальгустық, плосковальгустық, майтабандық , лимфостазда аяқ ісіп піл тәрізді табан болғанда, Шопар, Лисфранк, Пирогов әдістері бойынша табан ампутациясының тұқылдары болғанда.

    Күрделілігі төмен ортопедиялық аяқ киім аяқтың қысқаруы 3 см кем , жалпақтабандылық, өкше сүйегінің өсінділері (өкше шпоралары) және табанның басқа да патологиялары кезінде дайындалады.

    Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 1 сыңар (жаздық немесе қыстық) аяқ киім беріледі. Мүгедектігі бар балаларға 2 сыңар (жаздық немесе қыстық) аяқ киім беріледі. Үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар 1 сыңар (жаздық немесе қыстық) аяқ киіммен, көзделген аяқ киімнің құнының 50 пайызын өз қаражаты есебінен төлей отырып қамтамасыз етіледі.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Отбасының әл-ауқаты қалай анықталады: C, D және E санаттарына қандай отбасылар жатады?

    Қазақстанда отбасының әлеуметтік жағдайын бағалағанда тек табысы ғана емес, басқа да көрсеткіштер ескеріледі. Мәселен, отбасы мүшелерінің жұмысы, баспанасының болуы, мүлкі, несиелері мен жинақтары назарға алынады. ▪️C санатына табысы орташа, тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық отбасылар жатады. ▪️D санатындағы отбасылардың...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №160 бұйрығымен бекітілген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылғы екінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қы...

    ОтчетАяқталды

    2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

    2026 жылғы 12 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде 2026 жылдың алғашқы 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланды. Департамент басшысы Б. Шәріпбековтің төрағалығымен өткен жиында құрылымдық бөлім басшылары есеп беріп, өз бағыт...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қоғамдық қабылдау откізілді.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Шәріпбеков «ӘDILET» партиясы Қызылорда облыстық филиалында азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдау барысында азаматтарға мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мәсел...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қолжетімді орта — ортақ міндет!

    Қолжетімді орта — бұл ғимараттың алдына пандус орнатумен ғана шектелмейді. Ең бастысы — мүгедектігі бар адамның кез келген нысанға өз бетінше кіріп, ғимарат ішінде еркін қозғалып, қажетті қызметтерді кедергісіз ала алуы. Осы бағыттағы маңызды өзгерістердің бірі — ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республика...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Көпбалалы аналарға зейнетке ертерек шығуына арналған жеңілдік сақтала ма?

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы Әлеуметтік кодексіне сәйкес көпбалалы аналардың зейнетке жеңілдікпен шығу құқығы сақталған. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 3-тармағына сәйкес, бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа тол...

    БасқаАяқталды

    Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігі бойынша ақпарат

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі бойынша пилоттық жоба өңірде 2025ж шілде айынан бастап іске қосылып, қазіргі таңда бұл қызмет түрі толық мәнде көрсетіледі. МҚ бұл түрі бойынша қызмет алу кезінде шешім 1 сарапшы маманмен шығарылып, МҚ қысқа мерзімде көрсетіледі. МҚ көрсетудің бұл түрі келесідей алгоритм бойы...

    БасқаАяқталды

    Әлеуметтік саладағы мемлекеттік бақылау – азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды тетігі

    Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы міндеттерді іске асыруда әлеуметтік саладағы мемлекеттік бақылау е...