Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
    ЖаңалықтарАяқталды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №160 бұйрығымен бекітілген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылғы екінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында профилактикалық бақылау жүргізді.

    Профилактикалық бақылау барысында қызмет алушыларға көрсетіліп жатқан арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көрсетілу тәртібі зерделенді.

    Профилактикалық бақылау нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында бірқатар бұзушылықтар анықталып, оларды жою бойынша мерзімі белгіленген нұсқама берілді.

    Сонымен қатар, ««№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де арнаулы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, әлеуметтік қызметкерлері және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандарының қатысуымен ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

    Дөңгелек үстел барысында Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы К. Сарсенов әлеуметтік қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме беріліп, сұрақтарына жауаптар берілді.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау

    Ұқсас материалдар

    ОтчетАяқталды

    2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

    2026 жылғы 12 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде 2026 жылдың алғашқы 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы талқыланды. Департамент басшысы Б. Шәріпбековтің төрағалығымен өткен жиында құрылымдық бөлім басшылары есеп беріп, өз бағыт...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қоғамдық қабылдау откізілді.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Шәріпбеков «ӘDILET» партиясы Қызылорда облыстық филиалында азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдау барысында азаматтарға мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мәсел...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қолжетімді орта — ортақ міндет!

    Қолжетімді орта — бұл ғимараттың алдына пандус орнатумен ғана шектелмейді. Ең бастысы — мүгедектігі бар адамның кез келген нысанға өз бетінше кіріп, ғимарат ішінде еркін қозғалып, қажетті қызметтерді кедергісіз ала алуы. Осы бағыттағы маңызды өзгерістердің бірі — ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республика...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Көпбалалы аналарға зейнетке ертерек шығуына арналған жеңілдік сақтала ма?

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы Әлеуметтік кодексіне сәйкес көпбалалы аналардың зейнетке жеңілдікпен шығу құқығы сақталған. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 3-тармағына сәйкес, бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа тол...

    БасқаАяқталды

    Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігі бойынша ақпарат

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі бойынша пилоттық жоба өңірде 2025ж шілде айынан бастап іске қосылып, қазіргі таңда бұл қызмет түрі толық мәнде көрсетіледі. МҚ бұл түрі бойынша қызмет алу кезінде шешім 1 сарапшы маманмен шығарылып, МҚ қысқа мерзімде көрсетіледі. МҚ көрсетудің бұл түрі келесідей алгоритм бойы...

    БасқаАяқталды

    Әлеуметтік саладағы мемлекеттік бақылау – азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызды тетігі

    Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осы міндеттерді іске асыруда әлеуметтік саладағы мемлекеттік бақылау е...

    КездесуАяқталды

    №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қоғамдық қабылдау өтті.

    «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызмет алушылардың қатысуым...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне құқықтық оқыту сабағы өткізілді.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Маханова 30 қыркүйек 2026жылы Департамент қызметкерлері арасында Әдеп нормаларын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеудің сақталуына қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргіз...