Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
    ФорумАяқталды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған Kazakhstan Insurance Forum 2026 шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановтың Chartered Insurance Institute (CII) Бас директоры Мэтью Хиллмен кездесуі өтті.

    Кездесу барысында Н. Тұрсынханов Қазақстанның сақтандыру нарығы үшін кәсіби құзыреттер мен кадрлар даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

    «CII-мен өзара іс-қимыл халықаралық тәжірибені зерделеуге, кәсіби оқыту тәсілдерін жетілдіруге және сақтандыру нарығының заманауи талаптарына сәйкес келетін кадрлық әлеуетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай ынтымақтастық сақтандыру қызметтерінің сапасын арттыруға және қазақстандық сақтандыру секторының халықаралық кәсіби қоғамдастыққа одан әрі интеграциялануына ықпал ететін болады», - деп атап өтті Агенттік Төрағасының орынбасары.

    Кездесу қорытындысы бойынша Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, кәсіби білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен білім беру және ақпараттық бастамаларды іске асыруға бағытталған стратегиялық ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Меморандум ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен сақтандыру саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру үшін негіз жасайды.

    Chartered Insurance Institute (CII) – бұл Корольдік хартия (Royal Charter) негізінде жұмыс істейтін Ұлыбританияның кәсіби институты. Ол сақтандыру, тәуекелдерді басқару және қаржылық қызметтер саласындағы мамандарды біріктіреді. Институт кәсіби стандарттарды әзірлейді, білім беру бағдарламаларын іске асырады және мамандарды халықаралық деңгейде танылған сертификаттауды жүргізеді.

    Сақтандыру секторы

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Алматыда сақтандыру нарығының кадрлық әлеуетін арттыру талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева ACTEX Learning операциялық директоры Джоана Амориммен және Халықаралық Актуарийлер Қауымдастығының (IAA) өкілі Гаянэ Арсенянмен кездесті. Кездесу Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіг...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Сақтандыру нарығын дамытудың өзекті мәселелері туралы жыл сайынғы форумда айтылды

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ ұйымдастырған жыл сайынғы KazakhstanInsurance Forum 2026 сақтандыру форумы өтті. Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының, сақтандыру қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Халықаралық сақтандыруды қадағ...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік басшысы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды

    Президенттің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Корея Республикасы қаржы реттеушісінің басшысымен кездесу өткізді, құрметті қонақ ретінде Корея мен Қазақстанның қаржылық ынтымақтастығы жөніндегі семинарға қатысты, сондай-ақ Кореяның...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КонгрессАяқталды

    Қазақстанда тәуекелдерді бағалау сапасын арттыру үшін Орталық актуарийді құру жоспарлануда

    Алматыда «Сандардағы сенім: ЖИ, тәуекелге бағдарланған реттеу және Еуразияның қаржы индустриясының актуарлық орнықтылығы» деген тақырыпта 4-ші Еуразиялық КРАФТ – 2026 конгресінің ашылуы өтті. Конгресс жұмысына түрлі елдердің реттеушілерінің, кәсіби қауымдастықтарының өкілдері, актуарийлері, тәуекел-менеджерлері, қаржы...

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СаммитАяқталды

    Агенттік қаржы секторын цифрлық түбегейлі өзгертуді күшейтуде

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Central Asia Fintech Summit 2026 шеңберінде «Келесі онжылдықтың қаржы нарығы қандай болады?» пленарлық сессиясына қатысты. Сессия барысында қатысушылар қаржы нарығын дамыту перспективаларын, қаржы ұйымдарын цифрлық түбегейлі өзгертуді, жасанды и...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік басшылығы Astana Finance Days-ке қатысты

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов Astana Finance Days халықаралық форумы аясында «Қазақстанның капитал нарығы: одан әрі даму бағыты» панельдік сессиясына қатысты. Сессияға қатысушылар өтімділікті арттыруды, инвесторлар базасын кеңейтуді, биржалық инфрақұрылымды дамытуд...

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтчетАяқталды

    Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

    Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу мен дамытудың биылғы 8 айдағы нәтижелері және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есепті тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа банктер туралы жаңа заңды іске асыру аясында заңға тәуелді актілер базасы толығымен жаңарғаны, 80 нормативтік-құқықтық акті қабылданғаны жөнінде баяндалды. Б...

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Қазақстанда Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданатын болады

    Алматыда Капитал нарығындамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасыныңнегізгі ережелері мен басты бағыттарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен және нарыққа қатысушылармен бірлесіп әзірледі. Іс-шараға Агенттікті...

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей