Alma Qala Fest

    Орны
    Панфилов көшесі
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Alma Qala Fest
    Қалалық фестивальАяқталды

    Қала күніне орай Алматыда 19-20 қыркүйекте Панфилов және Жібек жолы жүргіншілер көшелері бойында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ауқымды Alma Qala Fest фестивалі өтеді. Мәдени іс-шара бағдарламасы Алматының тарихы мен заманауи келбетін таныстыруға, ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге, шығармашылық индустрияны қолдауға және қала тұрғындарына түрлі форматтағы демалыс ұсынуға бағытталған.

    Фестиваль аумағында бірнеше тақырыптық аймақ жұмыс істейді. Келушілер мәдениет, өнер, спорт, экология, цифрлық технология, гастрономия және балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатыса алады.

    Фестивальдің негізгі бөліктерінің бірі – алма шаруашылықтарының жәрмеңкесі. Оған Алматы өңірінің 50 алма шаруашылығы қатысып, 200 тоннадан астам түрлі сорттағы алма ұсынады. Панфилов пен Қазыбек би көшелері маңындағы алаңда келушілер отандық өндірушілердің өнімдерімен танысып, алманың алуан түрінен дәм тата алады.

    «Алматы» көрме аймағында қаланың тарихын, сәулетін, табиғатын және өзіндік болмысын бейнелейтін картиналар көрмесі ұйымдастырылады. Ал Елшіліктер аллеясында қатысушы елдердің мәдениеті мен дәстүрі таныстырылады. Көрме барысында ұлттық өнер, қолөнер бұйымдары, дәстүрлі мәдени құндылықтар мен түрлі елдердің ерекшеліктері ұсынылады.

    Фестивальдің заманауи аймақтарының бірі – Digital Zone. Мұнда цифрлық технология мен интерактивті жобалар ұсынылып, Алматы тарихына арналған AI технология негізіндегі ақпараттық-танымдық инсталляциялар жұмыс істейді. Сонымен қатар келушілер арқан тартыс, садақ ату және басқа да интерактивті ойындарға қатыса алады.

    Eco Zone экологиялық бастамалар мен жобаларды таныстыруға арналса, Ethno Zone ұлттық мәдениет, дәстүр мен қолөнерді насихаттайды. Этноаймақта қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп, келушілер үшін түрлі шебердің сабақтары ұйымдастырылады.

    Белсенді демалысты ұнататындар үшін Sport Zone жұмыс істейді. Мұнда спорттық ойындар, эстафеталар және ұлттық ойындар өткізіледі. Балаларға арналған арнайы аймақта кішкентай қонақтар үшін түрлі ойындар, аниматорлар, батуттар, аквагрим, сабын көпіршіктері шоуы, азот шоуы және басқа да ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Фестиваль қонақтары үшін Алматының гастрономиялық әлеуетін таныстыратын 25 қалалық мейрамхана қатысатын арнайы аймақ та жұмыс істейді.

    Киносүйер қауым үшін арнайы кино аймағы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында «Жас емес жұбайлар», «Мәди in China», «Сыныптас», «Қолымнан ұста», «Заман Back», «Мафия» және қазақ киносының алтын қорына енген фильмдер көрсетіледі. Сонымен қатар көрермендер «Заман Back» және «Фамилия» фильмдерінің актерлерімен арнайы кездесулерге қатыса алады.

    Фестивальдің музыкалық және шығармашылық бағдарламасы бірнеше сахнада өтеді. Бас сахнада (Астана алаңы) ФЭА «Отырар сазы», MuzartLIFE, Райым Уайыс, «Әдемі ай» дуэті, Құдайберген Бекіш және Еркебұлан Құмаров өнер көрсетеді. Кіші сахна №1-де (Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанындағы сахна) Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Ақерке Амалят, Нұрмұхаммед Жақып, «Хазар» тобы, Даро және Венера Алпысбаева өнер көрсетеді. Ал Кіші сахна №2-де (Жібек жолы көшесі) Live band Rockn rolla өнер көрсетіп, иммерсивті қуыршақ театрының қойылымы ұсынылады. Сондай-ақ «Астра» тобы, Нұрдәулет Карлов, Әлем Құсайынова және Азамат Төрехан өнер көрсетеді.

    Атаулы мерекелік іс-шараларға байланысты Төле би және Қазыбек би көшелерінің Абылай хан даңғылы мен Назарбаев даңғылы аралығындағы учаскелері 17 қыркүйек сағат 15:00-ден 21 қыркүйек сағат 03:00-ге дейін уақытша жабылады.

    Ұқсас материалдар

    Мерекелік концертАяқталды

    D Billions

    Алматыда Қала күніне орай Абай алаңында халықаралық деңгейде танымал балаларға арналған D Billions жобасы алғаш рет өнер көрсетеді. Қырғызстаннан шыққан танымал артистер әрі балаларға арналған контент жасаушылар көрермендерге мерекелік бағдарлама ұсынады. D Billions – YouTube платформасында халықаралық танымалдыққа ие...

    20 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ЖәрмеңкеАяқталды

    Кітап Fest

    Алматыдағы Арбатта 19-20 қыркүйекте Қала күніне орай «Кітап Fest» кітап жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараны Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырады. Жәрмеңкеге 60-тан астам баспа қатысады. Келушілер жаңа кітаптармен танысып, өзіне ұнаған әдебиеттерді сатып ала алады. Сондай-ақ, ақ...

    19 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Мерекелік концертАяқталды

    Ne Prosto Orchestra

    Алматыдағы Абай алаңында 19 қыркүйекте Қала күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Концерттік бағдарлама аясында Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз симфониялық оркестрлердің бірі Ne Prosto Orchestra өнер көрсетеді. Дирижер – маэстро Мадияр Тойболды. Ашық аспан астында өтетін концерт барысында оркестрдің үздік шығармалары...

    19 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Мерекелік концертАяқталды

    Ratovich

    Алматыдағы Абай алаңында 19 қыркүйекте Қала күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Концерттік бағдарлама аясында танымал қазақстандық пианист әрі композитор Ratovich (Темірлан Бейсенбай) өнер көрсетеді. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады. Ашық аспан астындағы концерт барысында пианист...

    19 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Халықаралық фестивальАяқталды

    The Spirit of Tengri

    Сіздерді Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2026 жылғы 7 маусымда Алматыдағы Абай алаңында өтетін Халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестиваліне шақырамыз. The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі. Іс-шара аясы...

    7 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    NAURYZ OPEN AIR

    Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына орай Алматыда «NAURYZ OPEN AIR» мерекелік концерті ұйымдастырылады. 24 наурыз күні сағат 15:00-де Абай алаңында қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлайды. Концертке Ермек Меденов, Алтынбек Т...

    КонцертАяқталды

    Көрісу күні

    Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп көрісіп, мауқын басып...» - дейтін ұлы Абай айтатын керемет күн – Көрісу күнін 14 наурыз күні, сағат 12:00-де Көктөбеде қарсы алуға шақырамыз. Мерекелік концертке қатысатын өнерпаздар: * Айгүл Қосанова* Мәдина Сәдуақасова*...

    14 наурыз 2026 ж.Тікелей