Су жолы: Босфордан Ұлы далаға дейін
Түрік суретшісі Ахмет Өгретеннің «Су жолы: Босфордан Ұлы далаға дейін» халықаралық көрмесі
Алматы-жай ғана мәдени астана емес, шығармашылық қала. Шығармашылық қалаларда қала тұрғындарының шығармашылық дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы, сондай-ақ қаланың өзіндік мәдени имиджін құру үшін орта жасалады. Шығармашылық қалалардың маңызды элементтерінің бірі-мәдени әртүрлілік. Бұл толыққанды интеллектуалды, эмоционалды, моральдық және рухани өмірді қамтамасыз ететін адамдардың даму көздерінің бірі. Басқарма жұмыс істейтін бағыттар:
- Бейнелеу өнері-Кескіндеме, мүсін, фотография;
- Дизайн және сәндік-қолданбалы өнер;
- Сахна өнері-театр және би (хореография));
- Музыка;
- Мәдени мұра, мұражай ісі, мәдени туризм;
- Кітапханалар, әдебиет, баспа ісі;
- Кинематография;
– Мәдени демалыс-цирк, хайуанаттар бағы.
Біз Алматы қаласы мен оның тұрғындарының шығармашылық және мәдени дамуына жағдай жасаймыз.
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу
Ашу
АшуТүрік суретшісі Ахмет Өгретеннің «Су жолы: Босфордан Ұлы далаға дейін» халықаралық көрмесі
2026 жылы 21-24 қазан аралығында Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры ұйымдастыратын халықаралық өнер додасына 11 елден 14 театр ұжымы қатысады. Төртінші рет ұйымдастырылып отырған фестивальге Қазақстан, Түркия, Ресей, Италия, Франция, Иран, Молдова, Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстанның театр ұжымдары жиналады. 21 қазанда баспасөз конференциясы мен фестивальдің ресми ашылу салтанаты өтеді. Алғашқы күні көрермендер Тегеранның (Иран) «Deemak» театрының «Маршмэллоу» және Ыстанбұлдағы (Түркия) Кемал Фатих Полаттың «Карагёз» театрының «Әлем жұлдыздарының шоуы» спектакльдерін тамашалай алады. Сондай-ақ, М. Жангазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театры «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» спектаклін ұсынады. 22 қазанда Өзбекстанның Ферғана облыстық қуыршақ театры «Чемодан» спектаклін, Кишиневтегі (Молдова) «Izvorașul Vesel» қуыршақ театры «Теңбілді ханшайым» қойылымын, ал Астана қаласы әкімдігінің Қуыршақ театры «Қағазды жаңбыры» спектаклін көрсетеді. Әзірбайжанның Гянджа мемлекеттік қуыршақ театры «Етік киген мысық» қойылымын ұсынса, Озургетидегі (Грузия) Александр Цуцунава атындағы мемлекеттік кәсіби драма театры «Ит» спектаклін сахналайды. Сол күні фестиваль бағдарламасы аясында Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының «TAZA.KZ» қойылымы да көрермен назарына ұсынылады. 23 қазанда Флоренциядағы (Италия) халықаралық театр орталығы «Жұлдызды жаңбыр» спектаклін көрсетеді. Татарстан Республикасындағы (Ресей) «Экият» татар мемлекеттік академиялық қуыршақ театры «Адәмнәр» қойылымын, Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры «Алқызыл гүл» спектаклін, ал Екатеринбургтің «Тохот» театры «Аңдар детективі» қойылымын ұсынады. 24 қазанда Париждегі (Франция) «Le Soleil des Abysses» театры «Рамаяна» спектаклін, ал Қостанай облыстық қуыршақ театры «Жындының жазбалары» қойылымын сахналайды. Сонымен қатар фестиваль аясында режиссер, профессор Құралай Ешмұратованың «Қуыршақ театры: дәстүрден заманауи өнерге дейін» тақырыбында шеберлік сабағы өтеді. Фестиваль спектакльдерін отандық және шетелдік театр өнері мамандарынан құралған кәсіби қазылар алқасы бағалайды.
Алматыда Қала күніне орай Абай алаңында халықаралық деңгейде танымал балаларға арналған D Billions жобасы алғаш рет өнер көрсетеді. Қырғызстаннан шыққан танымал артистер әрі балаларға арналған контент жасаушылар көрермендерге мерекелік бағдарлама ұсынады. D Billions – YouTube платформасында халықаралық танымалдыққа ие болған, әлемдегі ең танымал балалар музыкалық топтарының бірі. Олардың әндері, би челлендждері мен жарқын музыкалық бейнелері әлемнің түкпір-түкпіріндегі балалар мен отбасылардың сүйіспеншілігіне бөленген. Жоба контентінің жалпы қаралымы ондаған миллиардқа жетеді. 20 қыркүйек күні сағат 19:00-де D Billions бүлдіршін көрермендерге арналған жарқын музыкалық-би бағдарламасын ұсынады. Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын Қала күнін бірге атап өтіп, мерекелік іс-шараның ерекше атмосферасына қосылуға шақырамыз! Өтетін орны: Абай алаңы Күні: 20 қыркүйек Уақыты: 19:00
Қала күніне орай Алматыда 19-20 қыркүйекте Панфилов және Жібек жолы жүргіншілер көшелері бойында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ауқымды Alma Qala Fest фестивалі өтеді. Мәдени іс-шара бағдарламасы Алматының тарихы мен заманауи келбетін таныстыруға, ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге, шығармашылық индустрияны қолдауға және қала тұрғындарына түрлі форматтағы демалыс ұсынуға бағытталған. Фестиваль аумағында бірнеше тақырыптық аймақ жұмыс істейді. Келушілер мәдениет, өнер, спорт, экология, цифрлық технология, гастрономия және балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатыса алады. Фестивальдің негізгі бөліктерінің бірі – алма шаруашылықтарының жәрмеңкесі. Оған Алматы өңірінің 50 алма шаруашылығы қатысып, 200 тоннадан астам түрлі сорттағы алма ұсынады. Панфилов пен Қазыбек би көшелері маңындағы алаңда келушілер отандық өндірушілердің өнімдерімен танысып, алманың алуан түрінен дәм тата алады. «Алматы» көрме аймағында қаланың тарихын, сәулетін, табиғатын және өзіндік болмысын бейнелейтін картиналар көрмесі ұйымдастырылады. Ал Елшіліктер аллеясында қатысушы елдердің мәдениеті мен дәстүрі таныстырылады. Көрме барысында ұлттық өнер, қолөнер бұйымдары, дәстүрлі мәдени құндылықтар мен түрлі елдердің ерекшеліктері ұсынылады. Фестивальдің заманауи аймақтарының бірі – Digital Zone. Мұнда цифрлық технология мен интерактивті жобалар ұсынылып, Алматы тарихына арналған AI технология негізіндегі ақпараттық-танымдық инсталляциялар жұмыс істейді. Сонымен қатар келушілер арқан тартыс, садақ ату және басқа да интерактивті ойындарға қатыса алады. Eco Zone экологиялық бастамалар мен жобаларды таныстыруға арналса, Ethno Zone ұлттық мәдениет, дәстүр мен қолөнерді насихаттайды. Этноаймақта қолөнершілер жәрмеңкесі өтіп, келушілер үшін түрлі шебердің сабақтары ұйымдастырылады. Белсенді демалысты ұнататындар үшін Sport Zone жұмыс істейді. Мұнда спорттық ойындар, эстафеталар және ұлттық ойындар өткізіледі. Балаларға арналған арнайы аймақта кішкентай қонақтар үшін түрлі ойындар, аниматорлар, батуттар, аквагрим, сабын көпіршіктері шоуы, азот шоуы және басқа да ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Фестиваль қонақтары үшін Алматының гастрономиялық әлеуетін таныстыратын 25 қалалық мейрамхана қатысатын арнайы аймақ та жұмыс істейді. Киносүйер қауым үшін арнайы кино аймағы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында «Жас емес жұбайлар», «Мәди in China», «Сыныптас», «Қолымнан ұста», «Заман Back», «Мафия» және қазақ киносының алтын қорына енген фильмдер көрсетіледі. Сонымен қатар көрермендер «Заман Back» және «Фамилия» фильмдерінің актерлерімен арнайы кездесулерге қатыса алады. Фестивальдің музыкалық және шығармашылық бағдарламасы бірнеше сахнада өтеді. Бас сахнада (Астана алаңы) ФЭА «Отырар сазы», MuzartLIFE, Райым Уайыс, «Әдемі ай» дуэті, Құдайберген Бекіш және Еркебұлан Құмаров өнер көрсетеді. Кіші сахна №1-де (Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанындағы сахна) Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Ақерке Амалят, Нұрмұхаммед Жақып, «Хазар» тобы, Даро және Венера Алпысбаева өнер көрсетеді. Ал Кіші сахна №2-де (Жібек жолы көшесі) Live band Rockn rolla өнер көрсетіп, иммерсивті қуыршақ театрының қойылымы ұсынылады. Сондай-ақ «Астра» тобы, Нұрдәулет Карлов, Әлем Құсайынова және Азамат Төрехан өнер көрсетеді. Атаулы мерекелік іс-шараларға байланысты Төле би және Қазыбек би көшелерінің Абылай хан даңғылы мен Назарбаев даңғылы аралығындағы учаскелері 17 қыркүйек сағат 15:00-ден 21 қыркүйек сағат 03:00-ге дейін уақытша жабылады.
Алматыдағы Арбатта 19-20 қыркүйекте Қала күніне орай «Кітап Fest» кітап жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараны Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырады. Жәрмеңкеге 60-тан астам баспа қатысады. Келушілер жаңа кітаптармен танысып, өзіне ұнаған әдебиеттерді сатып ала алады. Сондай-ақ, ақын-жазушылармен кездесуге болады. Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, қала тұрғындарына заманауи әдебиет пен отандық баспа жобаларын кеңінен таныстыру. Жәрмеңке сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қатысу тегін.
Алматыдағы Абай алаңында 19 қыркүйекте Қала күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Концерттік бағдарлама аясында Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз симфониялық оркестрлердің бірі Ne Prosto Orchestra өнер көрсетеді. Дирижер – маэстро Мадияр Тойболды. Ашық аспан астында өтетін концерт барысында оркестрдің үздік шығармалары орындалады. Кештің ерекше музыкалық сәті Роза Рымбаева мен «Дос-Мұқасан» тобының Алматы туралы танымал әндерді дуэт болып орындауы болмақ. Мерекелік концерт қала тұрғындары мен қонақтарына жанды музыка мен танымал шығармаларды симфониялық орындауда тамашалауға мүмкіндік береді. Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын Қала күніне арналған мерекелік концертке шақырамыз. Өтетін орны: Абай алаңы Күні: 19 қыркүйек Басталуы: 19:00
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР: 1.1.Бұл Ереже «Алматыны аяла!»атты қалалық әуесқой өнер байқауының өткізу тәртібі мен қатысу шарттарын, мақсат-міндеттерін анықтайды (бұдан әрі – Байқау). 1.2.Байқау Алматы қаласында 50 жастан асқан азаматтардың шығармашылық белсенділігін қолдау, өнерге деген қызығушылығын арттыру және олардың өнерін кең аудиторияға таныту мақсатында өткізіледі. Байқау ән, күй, би бағыттары бойынша жеке орындаушылар мен шығармашылық ұжымдарға қатысуға және Алматы қаласының үлкен ашық аспан астындағы (open air) сахнасында өнер көрсетуге мүмкіндік береді. 1.3.Байқаудың тапсырыс берушісі – Алматы қаласының Мәдениет басқармасы (бұдан әрі – Тапсырыс беруші). 1.4.Байқау Алматы қаласының аумағында өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды: өтінімдер мен байқау материалдарын қабылдау; байқау жұмыстарын сараптамалық бағалау; жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау; жеңімпаздарды марапаттау рәсімі. Байқау 2026 жылы Алматы қаласында Тапсырыс берушімен келісілген мерзімдерде өткізіледі.
І. Жалпы ережелер 1.1.Бұл ереже Алматы қаласының туған күніне орай ұйымдастырылатын «Аспан таулы Алматы!» бейнеконтент байқауын(бұдан әрі – Байқау)өткізу және ұйымдастыру тәртібін реттейді. 1.2.Байқау Алматы қаласының туған күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында жүзеге асырылады. 1.3.Байқау Алматы қаласының әкімшілік аумағында өткізіледі. 1.4.Бұл Ереже Байқаудың мақсат-міндеттерін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру және өткізу қағидаларын, конкурс жұмыстарын бағалау тәртібін айқындайды. Сондай-ақ ұйымдастырушылардың, қазылар алқасы мүшелерінің және қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1.Осы Ереже «Алматы – ән қанатында!» республикалықкомпозиторлар байқауын(ары қарай – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. 1.2.Байқаударынды композиторларды анықтау және қолдау, сондай-ақ Алматы қаласына, оның тарихына, мәдениетіне, рухани мұрасына және қазіргі дамуына арналған шығармаларды жасау және насихаттау мақсатында өткізіледі. 1.3.Ұсынылған поэзиялық шығармалардың негізінде біртума авторлық әуен жасау мақсатында,Тапсырыс беруші байқау қатысушыларына «Шабыт берген Алматы!» атты республикалық байқаудың поэзиялық шығармаларын ұсынады. 1.4.Байқаудың тапсырыс берушісі – Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласының Мәдениет басқармасы (Бұдан әрі – Тапсырыс беруші). 1.5.Байқау Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі, қорытындысы Алматы қаласында шығарылады және келесі кезеңдерді қамтиды: - өтінімдер мен байқау материалдарын қабылдау; - байқаушығармаларын сараптамалық бағалау; - жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау; - жеңімпаздарды марапаттау рәсімі. Байқау2026 жылы Алматы қаласында Тапсырыс берушімен келісілген мерзімде өткізіледі. 1.6.Осы Ереже Байқаудың мақсаттары мен міндеттерін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, байқау шығармаларына қойылатын талаптарды, оларды бағалау критерийлерін, сондай-ақ тапсырыс беруші, қазылар алқасы мүшелерінің және Байқау қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
1. Жалпы ережелер 1.1.Осы Ереже «Ажарлы Алматы!» республикалық суретшілер байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. 1.2.«Ажарлы Алматы!» байқауы бейнелеу өнерін дамыту, суретшілердің шығармашылығын қолдау және Алматы қаласының көркем, ажарлы бейнесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. 1.3.Байқауды ұйымдастырушы – Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы). 1.4.Байқау Қазақстан Республикасының аумағын қамтиды, ал қорытындысы Алматы қаласында шығарылады. Байқау келесі кезеңдерді қамтиды: байқау жұмыстарының жасалу кезеңі; өтінімдер менбайқауға ұсынылатынжұмыстарды қабылдау; шығармаларды байқауға жіберу үшін іріктеу комиссиясының (қазылар алқасы) жұмысы; жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау; жеңімпаздарды марапаттау рәсімі. 1.5.Байқауға қатысатын жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 7 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында, 2 кезең бойынша жүзеге асырылады: 1-кезең –қатысушылар орта немесе жоғары көркемсурет саласындағы білімі туралы дипломының сканерленген көшірмесін, автордың портфолиосын және байқауға ұсынылатын жұмыстарының фотосуреттерін Ұйымдастыру комитетінің[email protected]электрондық поштасына жолдайды. 2-кезең– 1-кезеңнен өткен қатысушылар қорытынды іріктеу үшін өз жұмыстарын Алматы қаласы, Достық даңғылы, 44 мекенжайындағы Алматы галереясына тапсырады. 1.6.Байқау өз туындыларында Алматы қаласының көркем бейнесін бейнелейтін заманауи авторларды қолдауға бағытталған. 1.7.Осы Ереже Байқаудың мақсаттары мен міндеттерін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, байқау жұмыстарына қойылатын талаптарды, оларды бағалау критерийлерін, сондай-ақ ұйымдастырушының, қазылар алқасы мүшелерінің және қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Жалпы ережелер 1.1.Осы Ереже «Шабыт берген Алматы!» аттыреспубликааясындағы поэзиялық шығармалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді. 1.2.Байқау дарынды авторларды анықтау мен қолдауға, шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ Алматы қаласының тарихына, мәдениетіне, рухани мұрасына, даму кезеңіне арналған шығармаларды қолдауға және оларды кеңінен насихаттауға бағытталған. 1.3. Байқауға тапсырыс беруші – Алматы қаласы Мәдениет басқармасы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы). 1.4.Байқау Қазақстан Республикасыдеңгейінде өткізіліп, қорытындысы Алматы қаласында шығарылады және мынадай кезеңдерді қамтиды: өтінімдер мен байқау материалдарын қабылдау; байқауға ұсынылған шығармаларға сараптамалық бағалау жүргізу; жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау; жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізу. 1.5. Осы Ереже Байқаудың мақсаттары мен міндеттерін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, байқау шығармаларына қойылатын талаптарын, оларды бағалау өлшемдерін (критерийлерін), сондай-ақ Тапсырыс берушінің, қазылар алқасы мүшелерінің және Байқау қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
ВАКРжүргізунегізі: «Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік секторсубъектілері сыбайласжемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзегеасырады, оның нәтижелерібойыншасыбайлас жемқорлыққұқықбұзушылықтаржасауғаықпалететінсебептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды. Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарғаарналған сыбайлас жемқорлыққа қарсысаясатының тұжырымдамасымен сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимылжүйесінде негізгі буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе себептер мен жағдайларды анықтау және азайтуболып айқындалды. Мемлекеттік және жеке сектордағысыбайласжемқорлықтың себептері мен жағдайларын болдырмау мақсатында«Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс – қимыл туралы»Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағыЗаңында(бұданәрі-Заң)сыбайласжемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау көзделген, олсыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауғаықпалететінсыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға және зерделеуге бағытталған, нәтижелерібойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерініңсебептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдайды.сыбайлас жемқорлыққұқықбұзушылықтаржасауғаықпалетеді. Агенттік Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілгенсыбайласжемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкесталдаужүргізудің мақсаты мемлекеттік органдардасыбайласжемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулардың сапасын арттыру,сыбайлас жемқорлыққұқықбұзушылықтаржасауғаықпалететінсебептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдардың орындалуын бақылау және мониторингтеу, сондай-ақ сыбайласжемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындауболып табылады. «Алматы қаласының мәдениет басқармасы» КММ (бұданәрі- Басқарма)сыбайласжемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын кезең–2026 жылдың бірінші жартыжылдығы.