І. Жалпы ережелер
1.1.Бұл ереже Алматы қаласының туған күніне орай ұйымдастырылатын «Аспан таулы Алматы!» бейнеконтент байқауын(бұдан әрі – Байқау)өткізу және ұйымдастыру тәртібін реттейді.
1.2.Байқау Алматы қаласының туған күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында жүзеге асырылады.
1.3.Байқау Алматы қаласының әкімшілік аумағында өткізіледі.
1.4.Бұл Ереже Байқаудың мақсат-міндеттерін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру және өткізу қағидаларын, конкурс жұмыстарын бағалау тәртібін айқындайды. Сондай-ақ ұйымдастырушылардың, қазылар алқасы мүшелерінің және қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.