«Ажарлы Алматы!» республикалық суретшілер байқауы туралы ЕРЕЖЕ

    Алматы қаласының мәдениет басқармасы

    1. Жалпы ережелер

    1.1.Осы Ереже «Ажарлы Алматы!» республикалық суретшілер байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

    1.2.«Ажарлы Алматы!» байқауы бейнелеу өнерін дамыту, суретшілердің шығармашылығын қолдау және Алматы қаласының көркем, ажарлы бейнесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

    1.3.Байқауды ұйымдастырушы – Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).

    1.4.Байқау Қазақстан Республикасының аумағын қамтиды, ал қорытындысы Алматы қаласында шығарылады.

    Байқау келесі кезеңдерді қамтиды:

    • байқау жұмыстарының жасалу кезеңі;

    • өтінімдер менбайқауға ұсынылатынжұмыстарды қабылдау;

    • шығармаларды байқауға жіберу үшін іріктеу комиссиясының (қазылар алқасы) жұмысы;

    • жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау;

    • жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.

    1.5.Байқауға қатысатын жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 7 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында, 2 кезең бойынша жүзеге асырылады:

    1-кезең –қатысушылар орта немесе жоғары көркемсурет саласындағы білімі туралы дипломының сканерленген көшірмесін, автордың портфолиосын және байқауға ұсынылатын жұмыстарының фотосуреттерін Ұйымдастыру комитетінің[email protected]электрондық поштасына жолдайды.

    2-кезең– 1-кезеңнен өткен қатысушылар қорытынды іріктеу үшін өз жұмыстарын Алматы қаласы, Достық даңғылы, 44 мекенжайындағы Алматы галереясына тапсырады.

    1.6.Байқау өз туындыларында Алматы қаласының көркем бейнесін бейнелейтін заманауи авторларды қолдауға бағытталған.

    1.7.Осы Ереже Байқаудың мақсаттары мен міндеттерін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, байқау жұмыстарына қойылатын талаптарды, оларды бағалау критерийлерін, сондай-ақ ұйымдастырушының, қазылар алқасы мүшелерінің және қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

    Жүктеу
    41a0b94bf1fdb5d460204e594f9169b7_original.37111.docx
    DOCX · 36 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    «Алматыны аяла!» қалалық әуесқой өнер байқауы туралы ереже

    І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР: 1.1.Бұл Ереже «Алматыны аяла!»атты қалалық әуесқой өнер байқауының өткізу тәртібі мен қатысу шарттарын, мақсат-міндеттерін анықтайды (бұдан әрі – Байқау). 1.2.Байқау Алматы қаласында 50 жастан асқан а...

    Алматы қаласының мәдениет басқармасыЖарияланды:
    Ереже

    «Аспан таулы Алматы!» республикалық бейнеконтент байқауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ереже

    І. Жалпы ережелер 1.1.Бұл ереже Алматы қаласының туған күніне орай ұйымдастырылатын «Аспан таулы Алматы!» бейнеконтент байқауын(бұдан әрі – Байқау)өткізу және ұйымдастыру тәртібін реттейді. 1.2.Байқау Алматы қаласының т...

    Ереже

    «Алматы – ән қанатында!» республикалық композиторлар байқауы туралы ереже

    ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1.Осы Ереже «Алматы – ән қанатында!» республикалықкомпозиторлар байқауын(ары қарай – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. 1.2.Байқаударынды композиторларды анықтау және қолдау, сондай-ақ...

    Ереже

    Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткізілетін «Шабыт берген Алматы!» атты республикалық поэзия байқауының Ережесі

    Жалпы ережелер 1.1.Осы Ереже «Шабыт берген Алматы!» аттыреспубликааясындағы поэзиялық шығармалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді. 1.2.Байқау дарынды авторларды анықтау мен қолдауғ...

    Анықтама

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша «Алматы қаласының мәдениет басқармасы»

    ВАКРжүргізунегізі: «Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік секторсубъе...

    Алматы қаласының мәдениет басқармасыЖарияланды: