Агенттік басшысы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Агенттік басшысы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды
    КездесуАяқталды

    Президенттің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Корея Республикасы қаржы реттеушісінің басшысымен кездесу өткізді, құрметті қонақ ретінде Корея мен Қазақстанның қаржылық ынтымақтастығы жөніндегі семинарға қатысты, сондай-ақ Кореяның BNK Busan Bank банкінің басшылығымен кездесті.

    Сапар барысында Агенттік басшысы Кореяның Қаржылық қызметтер жөніндегі комиссия (Financial Services Commission) ТөрағасыЛи Ын-Вонмен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы қаржылық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде қаржылық реттеу, капитал нарығын дамыту және озық тәжірибемен алмасу саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.

    Сапардың негізгі іс-шараларының бірі тұрақтылық пен өсуді қамтамасыз ету үшін қаржылық ынтымақтастықты дамытуға арналған Кореямен Қазақстанның қаржылық ынтымақтастығы жөніндегі семинар болды. Семинарды Корея Республикасының Қаржылық қызметтер жөніндегі комиссиясының қатысуымен қазақстандық делегация үшін Халықаралық қаржылық ынтымақтастық жөніндегі кеңес (Council on international Financial Cooperation) ұйымдастырды.

    Семинарда құттықтау сөзінде Агенттік Төрағасы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялықсипатын және қаржылық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін елеулі әлеуетті атап өтті. Негізгі бағыттар ретінде инвестициялық және бизнес-жобаларды қаржыландыру, цифрлық қаржыны дамыту және ЖИ қолдану, сондай-ақ сақтандыру және капитал нарығы саласындағы ынтымақтастық белгіленді.

    «Біз кореялық қаржы институттарымен және цифрлық қаржы, ЖИ, токендеу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту саласындағы технологиялық компаниялармен ынтымақтастық үшін елеулі әлеуетті көріп отырмыз. Корея Республикасының технологиялар және қаржылық реттеу саласындағы тәжірибесі бірлескен жобаларды іске асыру үшін ерекше қызығушылық тудырады», - деп атап өтті М.Әбілқасымова.

    Сапардың іскерлік бағдарламасы аясында Агенттік Төрағасы BNKBusan Bank басшылығымен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы Корея қаржы институттарының маңызды рөлі атап өтілді, сондай-ақ қаржы саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.

    «БиЭнКей» коммерциялық банкі» АҚ-ты Қазақстанда BNK Financial Group халықаралық қаржы тобы 2025 жылы ашты. Еншілес банктің активтері 25,7млрд теңгені құрайды.

    Еске салсақ, 2024 жылғы маусымда Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Корея Республикасының Қаржылық қызметтер жөніндегі комиссиясы (FSC) және Қаржылық қадағалау қызметі (FSS) арасында банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

    Меморандум Базель Банктерді қадағалау комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ банктерді реттеу саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленді.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Агенттік өкілдері ТМД елдерінің сақтандырып қадағалау органдарының іс шараларына қатысты

    2026 жылғы 28–30 қыркүйекте Ереванда ТМД елдерінің сақтандырып қадағалау органдарының іс-шаралары өтті. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сақтандырып қадағалау органдары басшыларының Мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің жиырма екінші отырысы орталық кездесу болды. Кеңес сақтандырып қадағалау органдарының өзара іс-қимылына,...

    29 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды дамыту мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды (такафул) дамыту және шариғат қағидаттарына сәйкес келетін сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту үшін қосымша жағдайлар жасау жоспарлануда. Тиісті бастама Cақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген. Негізгі бағыттардың бірі жұмыс істеп тұрған сақтандыру...

    21 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Алматыда сақтандыру нарығының кадрлық әлеуетін арттыру талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева ACTEX Learning операциялық директоры Джоана Амориммен және Халықаралық Актуарийлер Қауымдастығының (IAA) өкілі Гаянэ Арсенянмен кездесті. Кездесу Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіг...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған Kazakhstan Insurance Forum 2026 шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановтың Chartered Insurance Institute (CII) Бас директоры Мэтью Хиллмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Н...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Сақтандыру нарығын дамытудың өзекті мәселелері туралы жыл сайынғы форумда айтылды

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ ұйымдастырған жыл сайынғы KazakhstanInsurance Forum 2026 сақтандыру форумы өтті. Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының, сақтандыру қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Халықаралық сақтандыруды қадағ...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КонгрессАяқталды

    Қазақстанда тәуекелдерді бағалау сапасын арттыру үшін Орталық актуарийді құру жоспарлануда

    Алматыда «Сандардағы сенім: ЖИ, тәуекелге бағдарланған реттеу және Еуразияның қаржы индустриясының актуарлық орнықтылығы» деген тақырыпта 4-ші Еуразиялық КРАФТ – 2026 конгресінің ашылуы өтті. Конгресс жұмысына түрлі елдердің реттеушілерінің, кәсіби қауымдастықтарының өкілдері, актуарийлері, тәуекел-менеджерлері, қаржы...

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СаммитАяқталды

    Агенттік қаржы секторын цифрлық түбегейлі өзгертуді күшейтуде

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Central Asia Fintech Summit 2026 шеңберінде «Келесі онжылдықтың қаржы нарығы қандай болады?» пленарлық сессиясына қатысты. Сессия барысында қатысушылар қаржы нарығын дамыту перспективаларын, қаржы ұйымдарын цифрлық түбегейлі өзгертуді, жасанды и...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік басшылығы Astana Finance Days-ке қатысты

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов Astana Finance Days халықаралық форумы аясында «Қазақстанның капитал нарығы: одан әрі даму бағыты» панельдік сессиясына қатысты. Сессияға қатысушылар өтімділікті арттыруды, инвесторлар базасын кеңейтуді, биржалық инфрақұрылымды дамытуд...

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей