Агенттік қаржы секторын цифрлық түбегейлі өзгертуді күшейтуде

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Агенттік қаржы секторын цифрлық түбегейлі өзгертуді күшейтуде
    СаммитАяқталды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Central Asia Fintech Summit 2026 шеңберінде «Келесі онжылдықтың қаржы нарығы қандай болады?» пленарлық сессиясына қатысты.

    Сессия барысында қатысушылар қаржы нарығын дамыту перспективаларын, қаржы ұйымдарын цифрлық түбегейлі өзгертуді, жасанды интеллектті енгізуді және цифрлық қаржы өнімдерін дамытуды талқылады.

    Сөз сөйлеу барысында Мәдина Әбілқасымова Агенттіктің 94 қаржы ұйымының, оның ішінде 23 банктің, 25 сақтандыру ұйымының, бағалы қағаздар нарығына 31 қатысушының және 15 микроқаржы ұйымының цифрлық дайындығына кешенді бағалау жүргізгенін атап өтті. Бағалау процестерді цифрландыру деңгейін, деректер сапасын, IT-инфрақұрылымды, киберқауіпсіздікті, жасанды интеллектті пайдалануды және қызметкерлердің құзыретін қоса алғанда, 100-ден астам өлшем бойынша жүргізілді.

    «Біз 1 200 нақты іс-шараны анықтадық, осы 94 ұйымның әрқайсысы бойынша жеке даму жоспарларын құрдық. Жеке жоспарлар бойынша әрекет ететін боламыз», - деді М. Әбілқасымова.

    Бес балдық шкала бойынша цифрлық жетілудің орташа индексі банктерде 3,66, сақтандыру ұйымдарында 3,4, МҚҰ-да 3,1 және бағалы қағаздар нарығына қатысушыларда 3,05-ті құрады. Бұл ретте банктердің шамамен 75%-ы жасанды интеллект технологияларын қолданады.

    Сонымен бірге, Агенттік Төрағасы IT-инфрақұрылымына инвестициялардың цифрлық жетілудің жоғары деңгейіне қол жеткізуге кепілдік бермейтінін атап өтті.

    «Цифрландыру – бұл цифрлық технологияларды енгізу ғана емес. Бұл – қызметкерлердің құзыреті, қаржы ұйымының әрбір процесінде цифрлық технологияларды дұрыс пайдалану, жасанды интеллектті мүмкіндігінше қолдану», - деп атап өтті ол.

    Жеке жоспарларды іске асыруды үйлестіру үшін Агенттік жоспарланған іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізетін цифрлық түбегейлі өзгерту кеңсесін құрады.

    Реттеуші басшысы Агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп цифрландыру негізгі бағыттардың бірі болып айқындалған Капитал нарығын және сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламаларын іске асыратынын атап өтті.

    Сонымен қатар, капитал нарығы және сақтандыру туралы жаңа заңдар шеңберінде процестерді одан әрі цифрлық форматқа ауыстыру көзделеді.

    «Бағдарламалар шеңберіндегі шешімдер by default цифрлық болуға тиіс. Бағалы қағаздар нарығында бұл бірыңғай цифрлық терезе. Сақтандыруда – шарттар жасасу және онлайн-төлемдерді жүзеге асыру. Барлығы әдепкі қалып бойынша цифрлық болуға тиіс», – деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

    Агенттік Төрағасы қаржы активтерін және нақты активтерді токендеуді дамытуға ерекше назар аударды.

    «Токенделген активтер нарығы әзірге дамудың бастапқы кезеңінде, бірақ бұл бағытты қаржы жүйесінің алдағы уақыттағы перспективалық бағыттарының бірі ретінде анықтауға болады. Қазақстанда бұл үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасуда және мемлекеттік бағалы қағаздарды токендеуді сәтті түрде іске қосу қаржы нарықтарында осы технологияны ауқымды енгізу үшін негіз бола алады», - деп атап өтті Реттеуші басшысы.

    Бұл ретте, оның айтуынша, жаңа технологияларды енгізу экономикалық тұрғыдан негізделген және нарық қатысушылары мен тұтынушылары үшін практикалық әсерді қамтамасыз етуге тиіс.

    «Бұл жердегі міндет – технология мақсатындағы технология немесе цифрландыру мақсатындағы цифрландыру емес. Егер токендеу арзанырақ, тиімдірек және экономикалық тұрғыдан орынды болса, оған ауысудың мәні бар», - деп атап өтті ол.

    Агенттік Төрағасы клиенттің қажеттіліктері төңірегінде банктік, сақтандыру, инвестициялық және микроқаржы өнімдерін біріктіруге мүмкіндік беретін Open Banking-тен Open Finance-ке ауысуды тағы бір перспективалық бағыт деп атады.

    «Open Finance клиенттің өз көзқарасы тұрғысынан әрекет етуіне мүмкіндік береді – ол бір алаңда барлық түрлі қаржы өнімдерін көруге мүмкіндік алуға тиіс, ал қаржы ұйымдары клиент үшін оның қажеттілігіне неғұрлым қолайлы өнімді ұсына отырып бәсекелесетін болады», – деді
    М. Әбілқасымова.

    Ұқсас материалдар

    ФорумАяқталды

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды дамыту мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда

    Қазақстанда исламдық сақтандыруды (такафул) дамыту және шариғат қағидаттарына сәйкес келетін сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту үшін қосымша жағдайлар жасау жоспарлануда. Тиісті бастама Cақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген. Негізгі бағыттардың бірі жұмыс істеп тұрған сақтандыру...

    21 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Алматыда сақтандыру нарығының кадрлық әлеуетін арттыру талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева ACTEX Learning операциялық директоры Джоана Амориммен және Халықаралық Актуарийлер Қауымдастығының (IAA) өкілі Гаянэ Арсенянмен кездесті. Кездесу Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіг...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік, СТКҚ және CII сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ (СТКҚ) ұйымдастырған Kazakhstan Insurance Forum 2026 шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынхановтың Chartered Insurance Institute (CII) Бас директоры Мэтью Хиллмен кездесуі өтті. Кездесу барысында Н...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Сақтандыру нарығын дамытудың өзекті мәселелері туралы жыл сайынғы форумда айтылды

    Алматыда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ ұйымдастырған жыл сайынғы KazakhstanInsurance Forum 2026 сақтандыру форумы өтті. Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының, сақтандыру қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Халықаралық сақтандыруды қадағ...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Агенттік басшысы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды

    Президенттің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова Корея Республикасы қаржы реттеушісінің басшысымен кездесу өткізді, құрметті қонақ ретінде Корея мен Қазақстанның қаржылық ынтымақтастығы жөніндегі семинарға қатысты, сондай-ақ Кореяның...

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КонгрессАяқталды

    Қазақстанда тәуекелдерді бағалау сапасын арттыру үшін Орталық актуарийді құру жоспарлануда

    Алматыда «Сандардағы сенім: ЖИ, тәуекелге бағдарланған реттеу және Еуразияның қаржы индустриясының актуарлық орнықтылығы» деген тақырыпта 4-ші Еуразиялық КРАФТ – 2026 конгресінің ашылуы өтті. Конгресс жұмысына түрлі елдердің реттеушілерінің, кәсіби қауымдастықтарының өкілдері, актуарийлері, тәуекел-менеджерлері, қаржы...

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Агенттік басшылығы Astana Finance Days-ке қатысты

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов Astana Finance Days халықаралық форумы аясында «Қазақстанның капитал нарығы: одан әрі даму бағыты» панельдік сессиясына қатысты. Сессияға қатысушылар өтімділікті арттыруды, инвесторлар базасын кеңейтуді, биржалық инфрақұрылымды дамытуд...

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтчетАяқталды

    Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

    Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу мен дамытудың биылғы 8 айдағы нәтижелері және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есепті тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа банктер туралы жаңа заңды іске асыру аясында заңға тәуелді актілер базасы толығымен жаңарғаны, 80 нормативтік-құқықтық акті қабылданғаны жөнінде баяндалды. Б...

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей